Түрмедегі күйеуіне телефон өткізбекші болған
Қостанайда УК-161/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан күйеуімен жолығуға келген әйел екі бірдей ұялы телефонды шай қорабына салып өткізбекші болған.«Бұл азаматша бірнеше рет кездесуге келген. Сондықтан да тексеру рәсімімен таныс. Жауапкершілікке тартылмаймын деген өзіне сенімділігі осындай келеңсіз жағдайға алып келді», – деп атап өтті мекеме қызметкері Нұргүл Әлмағамбетова.
Аталмыш факті бойынша бастапқы материал жинақталды, қызметтік тергеу жүргізілуде. Кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Аталмыш факті бойынша бастапқы материал жинақталды, қызметтік тергеу жүргізілуде. Кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.