Аядай ауылда адам жоғалды жарты айдан астам уақыт өтсе де оның өлі-тірісін біле алмай отыр

Жоғалып кетіп отырған менің немере інім, Жанкелдин ауданы Қарасу аулының тұрғыны, 1964 жылы дүниеге келген –  Базархан Мақышұлы Нұрмұхамедов. Ол осы 2014-ші жылдың шілде айынан, Албарбөгет ауылдық округінің орталығы Көкалатта тұратын Ақмағанбетов Қайрат және Жұлдызай деген кісілердің малын бағатын. Білуімше, Жұл-дызай деген келіншек оны аудан орталығында жолықтырып, бақ-ташылық жұмыс ұсынған. Інім ке-лісім бергесін біздің ауылға, яғни Қарасуға келіп, отбасымен жо-лықтырып, олардың да келісімін алып Көкалатқа қайта оралған. Содан бері інім – Базархан Нұр-мұхамедов, Көкалат ауылынан екі шақырым қашықтағы малшы ауылда болып, осы Ақмағанбе-товтерге бақташылық қызмет көрсеткен. Алайда мал иелері онымен ешқандай заңды еңбек шартын жасаспапты. Жалақы-сын, білуімше, таныстары арқы-лы  Қарасудағы отбасына жібе-ріп отырған.
Сөйтіп жүргенде 31 тамыз күні Базарханның із-түзсіз жоғалып кеткені туралы суық хабар жетті. Ауылдағы туған-туыс жиылып Көкалатқа бардық. Мұндағылар-дан білгеніміз: 30 тамыз күні Ба-зархан малшы ауылдың қасын-дағы таяз көлшіктің жағасында отырып, Серік және Қанат деген жігіттермен бірге ішімдік ішеді. Біраздасын қасындағылар тұрып кетеді де, Базархан сол жерде ұйықтап қалады. Қайта барған-дарында ол орнында жоқ болып шығады. Жатқан жерінде бір сыңар аяқкиімі қалыпты.
Сонымен бүкіл туған-туыстар бар, жергілікті жердің адамдары бар, бәріміз жабылып 10 күндей сол маңайды түгел тінттік. Суды сүзгіледік. Еш нәтиже жоқ.
Енді, Базарханмен соңғы рет бірге болған адамдардың поли-цияға берген жауабына назар са-лыңыз. Қанат деген жігіт айтады: Біз 30 тамыз күні Базархан, Серік үшеуміз көлшіктің жағасында отырып ішімдік іштік. Біраздасын мен малды қамау үшін тұрып кет-тім. Базархан мен Серік сол жер-де қалды. Әлден уақытта Серік келді, Базархан жоқ. "Қайда?" деп едім, "Ұйықтап қалды сол жерде", – деп жауап қатты Серік. Осы күні бізге жеке көлігімен малдың иесі Қайрат Ақмаған-бетов келді. "Базархан қайда?" деп сұраған оған да "Көлшіктің басында ұйықтап жатыр", деп жауап қаттық. Мал иесі осы жа-уаптан соң әрі қарай малшысын іздемей, келген шаруасын тындырып кері қайтқан.
Екінші жігіт Серіктің де жауабы осыған саяды. Бірақ ол бастап-қыда малдың иесі Қайрат Ақма-ғанбетовке "Базархан Көкалат-тағы Қауез деген жігіттің үйінде ұйықтап жатыр" деп жауап беріп-ті. Ал Қауез бізге Базарханды шілде айынан бері көрмегенін айтады. Мұның сыртында біздің көзімізше тергеушілер жауап алғанда Серіктің қолында жарақаты болды. Өзі ақсап жүр. Базарханның туған қарындасы Мейрамкүл тергеушіден: "Мына жігіттің қолына жарақат қайдан түскен, аяғы неге ақсаған? Неге медициналық сараптама жасал-майды, неге берген жауаптарын аудио, бейнежазбаға түсірмейсіз-дер?" деп сұрағанмен, бұған тұщымды жауап ала алмадық.
Базарханның жоғалғаны жө-нінде 31 тамыз күні сағат күндізгі 11-де  Жанкелдин аудандық ішкі істер бөліміне мал иесінің әйелі Жұлдызай хабарлапты. Ішкі істер қызметкерлері оқиға орнына түске таман жеткен. Бірақ осы уақытқа дейін олардың ісінен еш нәтиже жоқ. Ешкім бұл оқиға бойынша қылмыстық жауапқа тартылмады. Ініміз жоғалып кеткен соң мал иесінің әйелі Жұлдызай "Базархан 70 қойым-ды ауылдағы саудагерлердің біріне сатып жіберіпті" деген сөз шығарды. Егер малшымен келі-сім-шартқа отырмаса, қойды са-нап барып алдына салып бер-месе, бұл сөздерді ол нендей ай-ғаққа сүйеніп айтып отыр? Тер-геушілер неге сот-медициналық сараптама жүргізбейді, жауап-тарды неге аудио-бейнежазбаға түсірмейді? Арнайы келісім-шарт жасаспай адам еңбегін пайда-ланғаны үшін Ақмағанбетовтер неге жауапқа тартылмайды? Қа-сында болған жігіттер бірдеңені жасырып тұрмаса, мидай далада мас болып жатқан адам бір түнде қалай ізім-қайым жоқ болады? Миллиондардың ішіне сіңіп кетті дейтіндей Көкалат үлкен қала емес, үлкен қалаларға жақын да емес. Аудан орталығының өзінен 70 шақырым қашықта.  Ендеше аядай ауылдан тірі адамның тап-тырмауы, оны ешкімнің көрмеуі мүмкін емес қой?! Осылай қорта келгенде өз басым бұл жерде әлдекімдер сыбайласып, қанды қылмысты  жасырып отыр ма деп күдіктенемін. Осы оқиғаға жо-ғарыдағы тиісті орындар назар аударып, істің ақ-қарасын ше-шуге жәрдем береді деген үмітім мол.
Жолдыхан Нұрмұхамедов,
Қарасу ауылының тұрғыны.
Жанкелдин ауданы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓