Облыс әкімі ауызашар берді
Қостанай облыстық мешіті қасиетті Рамазан айы кезінде Ораза ұстаған қауымға шынайы көңілмен дастархан жаюды дәстүрге айналдырды. Биыл да ол жалғасын тауып, өңірде бірінші болып облыс басшысы Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов көпшілікке ауызашар берді.
Бұл игілікті басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет руханият жанашыры, дін мен тілімізді аса қастерлейтін әкімнің атынан берекелі дастархан жайылып отырғандығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, барша қауымға Рамазан айында зор денсаулық, отбасында бақыт пен ырыс-береке тіледі.


ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспсөз қызметі