Ағаш кесіп, заң бұзған
14 ақпанда Денисов аудандық ішкі істер бөліміне келген жергілікті тұрғын 2 күн бұрын Перелески селолық округі аумағындағы өсіп тұрған 8 ағашты біреудің кесіп алғанын хабарлады. Заң бұзушы 0,9 текше метр көк терек пен 1,3 текше метр қайыңды кескен. Жедел іздестіру шарасының барысында полицейлер күдіктіні анықтады. 20 жастағы село тұрғыны ағашты отын қылмақ болғанын айтты. ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-1 бабы бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша дайындаған М.Қабдрахметова.