5 айлық сәби көз жұмды
Қайғылы жағдай Қостанай облысы Сарыкөл ауданында болған, – деп хабарлайды Аlau.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сәбидің денесі табылғаны жайлы хабар 5 сәуірде жергілікті аудандық ІІБ-не келіп түскен.
"Полицейлер 28 жастағы келіншектің мас күйде бола тұра бес айлық сәбиін емізіп, өзі ұйықтап қалғанын анықтады. Ал таңертең әйел сәбидің көз жұмғанын көрген", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.