«Допинг» қылмыскерлер жолын кесті

«Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 6 қылмыстың беті ашылды. Нақтырақ айтатын болсақ, улы затты саудалаудың 3 дерегі, есірткі сақтау бойынша 2 және контрабанда бойынша 1 дерек тіркелді. Сонымен қоса, полиция қызметкерлері есірткі, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңсыз саудасына қатысты 15 заңға қайшы әрекет пен 6 құқық бұзушылықты анықтады.02039ab932f944ce52728e5acd4e8193Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері емдеу мекемелері мен дәріханаларды тексеріп шықты. Нәтижесінде, ем-дом үшін қолданылатын есірткі заттарын және психотропты дәрілерді сақтау талаптарының сақталмауы сияқты кемшіліктер табылды. Заңсыз айналымнан 1,5 келі прекурсор мен дәрілік заттар тәркіленді.  
«Допинг» іс-шарасы барысында Қостанай қаласы көшелерінің бірінде бір ер азамат ұсталды. Тексере келгенде, полицейлер оның аузынан шағын орама тапты. Құрыққа түскен тұрғын «героин» есірткі затын осылайша жасырмақ болған. Сонымен қатар, салмағы шамамен 4 грамм болатын осындай есірткі заты қала тұрғындарының ауласынан тәркіленді. 
Бүгінгі күні аталмыш деректер бойынша сот-химиялық сараптама жасалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓