Жол құрылысы басталады

Арқалықта «Орталық-Батыс» дәлізін қайта жөндеу жобасы бойынша «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз» автомобиль жолы жобасының тыңдалымы өтті. 
Онда тиісті сала өкілдері мемлекеттік мұқтаждық үшін жер телімдерінен мәжбүрлі айыру жағдайында жер телімдері мен жер қолданушылардың  құқықтары мен берілетін өтемақылар туралы түсінік берді.Тас жол картасы
 "ҚР жер заңымен Қайта құру және даму халықаралық банкпен және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында келісілген, «Орталық-Батыс» транспорт дәлізінің жобасын іске асыру кезінде тиісті мүдделерге өтемақы мен көмек көрсету бойынша халықаралық қаржы институттарының қоныс аудару саясатына сәйкес жасалған жер иелері мен жер қолданушыларға арналған ақпаратта" ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Орталық-Батыс» бағыты бойынша автомобиль жолдарын қайта жаңарту жоспарлануда. Оның ішінде «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз» бағытының 19 – 515,3 учаскесінің республикалық маңызы бар автомобиль жолы Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағымен өтетіндігі, құрылыс жұмыстарының Халықаралық қаржы институттарымен (ХҚИ) жүзеге асырылатындығы айтылған.
 «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта құру-жаңарту жобасы жобалау институттарымен әзірленуде. Аталған жол 19 км – 105 км дейін І-Б санатқа ауыстырылады деп жоспарлануда. Ал, 105 км – 515,3 км дейін 2-Б санатқа, «Арқалық-Торғай» автожолының 135-288 шақырым және «Торғай-Ырғыз» жолының 0-244 шақырым 2-Б санатқа жатқызылады.
 Жол төсемесі мен жабындысының түрі – жылы асфальт-бетон.
 ҚР ИДМ автомобиль жолдарының комитеті 2016 жылы Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлауда.
                                                               
Мұрат Жүнісұлы,
 Арқалық қаласы.

You may also like...

1 Response

  1. 11.11.2015

    […] жолы жобасының тыңдалымы өтті деп хабарлайды Қостанай таңы басылымына сілтеме жасаған […]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓