Ернар Айдар: «КЕЗЕКТІ КОНЦЕРТІМДІ ЖАНДЫ ДАУЫСТА ӨТКІЗЕМІН»

Ол соңғы 3-4 жыл көлемінде қазақ эстрадасына тың леп әкеліп, әнсүйер қауымның көзайымына айналып үлгерді. Әсіресе жастар арасында ерекше сұранысқа ие. Таяуда Қостанай облысына келіп, шығармашылық концертін беріп кетті. Әншінің кешіне жиылған жастардың қарасы қалың болды. Концерт біткен соң Ернар Айдарды сұхбатқа тартудың орайын таптық.  rQdzDp54TQc
 
–         Өнерге Ернар Айдар есімімен келгелі тынымсыз еңбек етіп келесіз. Өнер жолы сізді неге үйретті?
–         Өнер жолына келмес бұрын өмірде маған ұстаз болып, көп нәрсені  үйреткен жан – ол – менің әкем. Әкемнің үйреткен сабақтары мен берген тәрбиесі мені шыңдады деп ойлаймын. Ал өнер жолы мені одан әрі қанаттандыра түсіп, қоғамға бейімдеді. Яғни, халықпен қандай қарым – қатынаста болуды және үлкен кісілерге тек сый-құрметпен қарауды үйретті деп айта аламын.Өнер адамнан шынайылықты талап етеді. «Ағаш жемістеген сайын басы иіле береді» дейді ғой. Сол секілді танымалдығымыз артқан сайынғы өнер талабы бойымдағы адамгершілік пен кішіпейілділікті молайта түсті дей аламын.
–         Осы жолда көңіліңізге қаяу түсірген сәттер болды ма?
–         Көңілге қаяу түсірген сәттері болды. Өмір болған соң қуанышы мен қайғысы қатар жүреді ғой. Өмір бәріне бірдей болғанымен, тағдыр әркімде әр түрлі. Адам жетістікке кемшіліктерін түзеу арқылы жетеді. Алғашқы қадамдарда кемшіліктерге байланысты көңілге қаяу түскен сәттердің болғаны рас.
–         Қандай сәттерде өзіңізді жақсы көріп кетесіз?
–         (Күлді) Мен қандай сәттерде өзімді жақсы көремін? Жалпы,өзімді жақсы көремін. «Өзін – өзі сыйлаған адам өзгеге де өзін сыйлата алады» дейді ғой.  Сол себепті адам өзін – өзі сыйлауы керек, өзін – өзі жақсы көруі керек. Әр адамға түрді, мінезді, дарын – қабілетті Алланың өзі береді. Сол берілген құндылықтарды бағалай білу керек деп ойлаймын.
–         Шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?
–         Әнші болғаннан кейін  шығармашылығымызда әзірге тек жаңа әндерді жазу үстіндеміз деп айта аламын.
–         Бір күндік немесе бір апталық өміріңізді баяндап бере аласыз ба?
–         Әр күнім белгіленген режим болмағандықтан әрқалай өтеді. Мысалы, бүгін Қостанайдамыз. Ал ертең Алла амандық берсе,  Шымкент қаласына ұшамыз. Кей күнім ұйқымен өтсе, кейде ұйқысыз өтеді, кейде тамақпен өтсе, кейде тамақсыз өтеді деген секілді әр күніме қойылатын режим жоқ.
–         Арманыңыз көп пе?
–         Жалпы, ой шексіз болғандықтан, арман да шексіз. Армандай білетін адам еңбектене де біледі. Ал еңбек етуші адам жалқаулыққа бой бермейтін болады. Сондықтан, барлық адам  тоқтаусыз армандай беруі керек,армандау арқылы  амал жасауы керек.
–         Ернардың жүрегін жаулаған қыз бар ма екен?
–         Қазірге жоқ.
–         Үйленгеннен соң шығармашылығыңызға сұраныс азаяды деп қорықпайсыз ба?
–         Ондай қорқыныш жоқ. Себебі, менің ойымша, шығармашылықтың құлдырауы немесе шарықтауы бұл жағдайға мүлдем байланысты емес. Егер, адам өнерге шынайы қызмет етіп, тынымсыз еңбектенетін болса, ондай жағдайлар туындамайды деп ойлаймын.ернар айдар
–         Жеке ән кештеріңізді тек қана жанды дауыста өткізу ойыңызда бар ма?
–         Ол ойда бар. Қазіргі уақытта кәсіби әншілікке дайындық үстінде жүрмін.  Ал болашақта жанды дауыста ән айтуға міндетті түрде көшеміз деп ойлаймын. Еліміз бойынша бұл үрдіске жайменен көшіп жатырмыз. Мысалы, «МузАрт» тобы, Заттыбек Көпбосынұлы секілді ағаларымыз жеке ән кештерін жанды дауыста өткізіп жүр.  Сондай – ақ, Алла қаласа, жуырда Астана қаласында  Айқынмен бірге жанды дауыста концерт береміз деп жоспарлап отырмыз. Яғни кезекті концертімді жанды дауыста өткіземін. Жалпы, барлық даму бірден жүзеге аспайдындықтан, жанды дауыспен өтетін ән кештеріне де жайменен өтетін боламыз деп ойлаймын.
–         Қостанай қаласына концерттік бағдарламамен нешінші рет келіп отырсыз?
–         Үшінші рет келіп отырмыз.
–         Қостанай көршілес Ресейге жақын орналасқандықтан, халық жиналмай қалады -ау деген қорқыныш болған жоқ па?
–         Болды. Ондай қорқыныш болуы керек. Тек қана Қостанайда емес, барлық елді мекендерге барар кезде ондай қорқыныш болады.
–         Гастрольдік сапармен көп жүресіз. Қай қала көрермендерінің менталитеті сізге ұнайды?
–         Барлық қаланың менталитеті ұнайды. Барлығының өзіндік  бір ерекшеліктері бар, барлығы да керемет, өте жақсы көңілмен қабылдайтындығы мені шынымен де қуантады.
–         Сіз үшін өмірдің құндылығы неде?
–         Адам баласы үшін өмірге келудің өзі бақ болып саналады. Өмірді түсіне білген адамға өмірдің құндылығы өте көп. Ал, біздің ең басты құндылығымыз – ата – анамыз. «Ата – ана разылығы – Алланың разылығы» дейді ғой. Ата – ананы сыйлау – ең басты адамгершілік құндылығымыз деп есептеймін.
–         Сұхбатыңызға көп рахмет! EkebXoVUenk
                                                           
Сұхбаттасқан : Жұлдыз Қадірова

 

You may also like...

19 Responses

  1. Айдос айтты:

    Өзбекстанда әншілерге ән айтуға лицензия берерде жанды дауыста ән салғызады екен. Соның қорытындысына сай әншінің тағдыры шешіледі. Сонымен бірге, оларға (телевизиялық түсірілімнен өзге) концерттерде  фонограммамен өлең айтуға заң жүзінде тиым салынған. Тыңдарман фонограмманы үйінде отырып та тыңдай береді. Ал, концертке әртісті көріп, жанды дауысын есту үшін келеді. Сол үшін ақша төлейді. Бізде мұндай шектеу қойылмаған. Тұтынушының құқығы мүлдем қорғалмаған. Мұның үстіне, әртістер концертке кешігіп келеді, кейбірі ішіп келеді. сахнаны сыйлауды қойды. Егер, бізде дежанды дауыста ән шырқатса, жұлдыз болып жүргендердің тең жартысы кәсібін өзгертер еді.

  2. Салтанат айтты:

    Ернар жақында шыққан жас жұлдыз ғой. Әндері Қайрат Нұртастікіне ұқсайды. Көшіруде де алдына жан салмайды. Іліп алар өлеңдері де бірен-саран.

  3. Есім айтты:

    Олай деп "жауырды жаба тоқымаңдар". Бауыржан Есебаев сынды мықты композитор өз туындыларын ән айтудан мүлдем хабары жоқ адамға ұсынар ма еді?! Жақсы әнші. Ән жағына да, сөз жағына да талғаммен қарай алады. Әндері де инкубатордан шыққан балапандар сияқты емес – әрқилы. Ізденісі бар. Ал шетел әнін аударып кім айтпай жүр? Оны да тыңдарманға жеткізе, өткізе алу да – өнер! Жалпы шетелдің әнін қазақшалап айту бұрыннан бар. "Дос-Мұқасанның" "Сұлу қызын" мысалға келтіріп қояйық(поляк әні). Ал енді Қ.Нұртасқа ұқсайтыны жасырын емес. Ұқсағанда да, әнді тамаққа, көмейге салыңқырап айтатындары ғана. Беттен қақпайық, белін буайық! Есімі танылғандарды балақтан төмен тартуды қою керек, қазақ!

  4. Гүлжайна айтты:

    Оо, Ернар Айдар!!! Менің сүйікті әншім ғой. Шалғай жатқан ауылдарға да кеп концерт берсе жақсы болар еді.(Әрине, жанды дауыста болса)

  5. Нұрқанат айтты:

    Есім, сенің айтқанына толықтай қосыламын. Көшірмей жүрген әнші жоқ. Ең бастысы тойда билейтін ән болса болды.

  6. Досым айтты:

    МС Сайлаубектен шүкір ғой

  7. Жадыра айтты:

    Қостанайға бір керемт жұлдыз келгендей мәз боп жатсындар ғооо

  8. Шындық айтты:

    Келесі концертімді жанды дауыста беремін деп айтуға қалай ұялмайды. Осы уақытқа дейін халықты фонаграммамен алдап келгенін мойындап тұр ма?

    • Жұлдыз айтты:

      Ол шындықты Ернар ғана емес, ан айтып жүрген барлық әнші баяғыда мойындап қойған. Ал жанды дауыста ан айтып, сол бойынша жоғары деңгейге ұмтылып жатқан әншілер барына куануымыз керек. Фонограмма біздің ғана емес, барлық елде бар. Өзбекстанда жанды дауыс жайлы заң орнағанымен, ол бойынша жасалып жатқан әрекет шамалы. Тіпті онда әліге дейін ұшына шыққан фонограмма деп айта аламыз. Олардың да кей әншілері тек кана республика сарайларында өтетін концерттерын жанды дауыста өткізуге тырысады. Бірақ, барлық әнші сол фонограммамен күрессе, көп ұзамай, жанды дауыста өтетін концерттерге куагер боламыз деген сенымдемын

  9. Айбат айтты:

    Ернар жақсырақ әнші. Понти, Асан Пердеш деген сияқты қыртымбайлардың қасында. Әй, бір МС Сайлаубек келсе, орындарыңнан тұрып, қол шапалақтар едіңдер,ә))

     

  10. Жұлдыз айтты:

    Жалпы, өнерге шынайы ықыласыменен тынымсыз еңбек етіп жүрген әншілердің бірегейі ғой. Халық оның ар концертыне толып жиналады. Екі концертынде көрермен болдым. Әр концерты өте көңілді, қуанышты күйде өтеді. Ал Қостанайдағы концертыне қазақтар ғана емес, көптеген орыс ұлты мен басқа ұлт өкілдері де келіп, билеп отырды. Ернар барлық көрермендермен тығыз қатынаста болып, ешқандай өзімшілдік көрсетпей, барлығына деген құрметін көрсетіп жатты. Нағыз қазақ өнері үшін қазіргі таңда ол секілді еңбек етіп жүрген әнші жоқ десе де болады. Болар жігіттің кеудесінен итерер бос сөздерді айтканша, қолдау көрсетейік, барында жасап жатқан бар еңбегін жақсы бағалайык. Ал айтуға тұрмайтын жай пікірлерді іште сақтайық!!

    • Айдос айтты:

      Тынымсыз тірлік етіп жатқаны жақсы. Онсыз күнін көре алмасы ақиқат қой. Қазіргі заманда, қанша жерден талантты болсаң да, еңбек етпей ештеңеге қол жеткізе алмайсың!

      Фонограммамен жұмыс істейтін адам, еш қиналмастан халықтың ақшасын алып жүре береді. Көрерменін құрметтесе, жанды дауыста ән айтуыі тиіс. Әйтпесе, сол Ернар Айдардың интернетте клиптары толып жатыр. Қыруар қаржы шығындағанша, соны көріп отыра бермейміз бе? Бәрібір жанды дауыста ән айтпаса?!

  11. Досым айтты:

    МС Сайлаубек "халықтың еркесі" ғой

    • Сымбат Мақажан айтты:

      Досым мырза, андағылай айтуыңа жол болсын. Сайлаубек деген сорлы халықтың еркесі емес, позоры! Кеше ғана көшеде не болса соны оттап, араққа тойып алып, былапыт-боқ ауыз сөйлеп жүрген алқашты әлдекіммен теңестіруге ұялмайсыңдар ма!!!

  12. Айбат айтты:

    Фонограмманың, білуімше, 3 түрі бар. Біріншісі – таза фонограмма, яғни бастан-аяқ таспаға басылған. Екіншісі – бэк-вокалдары, қосалқы әрлеуіш дауыстары ғана жазып қойылған шала фонограмма. Үшіншісі – алғашқысына ұқсас, тек дауысы бәсеңдетіліп қойылған фонограмма. Әншілер де гастрольдетіп жүрген соң, қай залдың акустикасы, техникасы қандай екенін білмейді ғой. Сондықтан осы үштіктің өзіне тиімдісін қолданады. 

  13. Тугел Айдана айтты:

    Өте керемет!!!! Кадамына нұр жаусын

  14. Ботагөз айтты:

    Сәлеметсізбе өте керемет әнші 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓