Мақсат-мемлекеттік қызметке тарту

Облыс орталығындағы Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай облыстық филиалында  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті және «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандарымен  кездесу өтті. Кездесуге   оқу орнын бітіруші жоғары  курстардың студент жастары мен  профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

DSC_00171

Іс-шараның басты мақсаты дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту және дайындау.
Өз сөзінде департамент басшының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Б. Беспалинов студенттерге мемлекеттік қызметке түскенде қандай лауазымдарға үміткер  болатындығы және конкурсқа қалай дайындалу керектігін, жұмысқа жаңа келгендердің ортаға тез бейімделуіне көмектесетін тәлімгерлік, тәжірибе институтының енгізілуінің  маңыздылығын да  айтты.

DSC_0043

Кездесу барысында студенттер мен  оқытушылар өздерін толғандырған  сұрақтарын қойды. Студенттерді әсіресе мемлекеттік қызметке үміткерлерді таңдап алу үрдісі,  сонымен қатар, мамандарды болашақ қызметке сапалы дайындау үшін оқу жоспарларына қандай оқу тәртіптерін қосу керектігі, тестілеу  қызықтырды.

DSC_0049

 Облыстың мемлекеттік органдарында жастар тәжірибесін өту туралы ақпаратты студенттерге «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры А. Мұқашев жан-жақты айтып түсіндірді. Кездесу соңында патриоттық тұрғыдағы әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
 
 Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓