Байқоңырдағы біріншіліктен оралды

Зілтеміршілер жарысынан өткен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Қазақстан Чемпионатынан жерлестеріміз олжалы оралды. Әр облыстардан 15 командадан 250 спортшы қатысты. Классикалық пауэрлифтингте 47 келідегі Татьяна Мазуркевич алтыннан алқа тақты. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ спортшысы жекелей сында 313 ұпай жинаған болатын. 

image-17-10-15-03-52-1

Осы салмақтың қоласын да қостанайлық Екатерина Меркель ұтып алды. 74 келіге дейін өнер көрсеткен зілтемірші Александр Порунов та алтынға ие болды. Чемпион атанғандардың арасында Юлия Порунова (57 кг), Джавид Гарашов (66 кг), Александр Мальцев (83 кг) сияқты спортшылар бар.

image-17-10-15-03-52

– Осы біріншілікте алтын алу мен үшін өте маңызды еді. Өйткені, бұл маған ҚР құрама командасына кіруге мүмкіндік сыйлайды. Жолым болды. Алтынға ие болдым. Енді Өзбекстан астанасы Ташкентте болатын классикалық пауэрлифтингте өз шеберлігімді көрсетсем деймін. Дайындықты бірден бастаймыз, – деді ҚР чемпионы Александр Порунов.

Порунов Александр 1 -место среди юношей

Жалпыкомандалық есепте қыздар арасында Қостанай облысы 24 ұпаймен 1-ші орынға ие болса, ерлер 41 ұпаймен үздік үштіктен көрінді. Айта кетейік, спортшыларды Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Залим Кувамбаев пен Екатерина Крюкова бастап апарған болатын. Олар ересектер арасында өтетін Люксембуртегі турнирге қатысады.  

1 место среди юниорок и 3 место среди юниоров

 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓