«Ахмет ұрпақтары» халықаралық турнирге шақырады!

Солтүстік аймақтағы жетекші оқу орнына айналған А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ халықаралақ пікір-сайыс турнирін ұйымдастырмақшы. Студенттер арасындағы сайысқа қырық команда қатыспақ. Биыл оныншы рет өтетін турнирдің ерекшелігі туралы «Ахмет ұрпақтары» пікір-сайыс клубы қазақ лигасының кординаторы Ботакөз Аманжол айтып берді. Аталмыш турнирдің ақпараттық демеушісі «Қостанай таңы» газеті екенін атап өткен жөн.AlRa9YihymM -Бұл турнирдің ерекшелігі неде? Жаңашылдық бар ма?
– А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының кубогіне арналған пікір-сайыс турнирі биыл оныншы мәрте өтеді. Дәстүрлі іс-шара республикалық және халықаралық мәртебеге ие. Қазақстан Республикасы бойынша жоғары деңгейдегі сайыс. Оған әр аймақтың мықты деген пікірсайысшылары шақырылады. Биылғы турнирдің де өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, сайысқа тек қана басқа облыстар мен қалалардың жастары ғана жолдама алады. Қостанай облысының аумағындағы пікірсайысшылар қатыса алмайды. Іріктеу ойындары БПФ (Британдық парламенттік фомат) формат бойынша өтеді. Жыл сайын турнирге 32 команда қатысатын. Ал биыл олардың саны көбейіп отыр. Әр лигадан жиналған 40 команда бақ сынамақшы. TfLQGOeR4yg«ҚМУ CUP – X» халықаралық пікір-сайыс турнирі 2016 жылдың 22-24 қаңтары аралығына жоспарланған. Негізгі тақырып – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл. Турнирдің өтуіне ықпал жасап отырған университет басшылығы мен оқу орнындағы «Жастар бастамалары орталығының» директоры Болат Қалиев пен оның орынбасары Төлеш Мағзумға алғысымызды білдіреміз. Университет басшылығы студенттердің бастамасына қолдау білдіріп, барлық жағдайды жасап жатыр. Lm3kuLILCMs
Ахмет ұрпақтары» пікір-сайыс клубы біраз тәжірибе жинақтаған сияқты.
-Әрине, тәжірибе уақытпен келеді. Біздің ойыншыларымыз дәрежелі сайыстарға қатысу арқылы, өздерін көрсетіп жүр. Университеттегі «Ахмет ұрпақтары» пікір-сайыс клубы 2007-2008 оқу жылының басында белсенді студенттер және ЖОО-ның басқармасымен мақұлдана отырып құрылды. Клубтың негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті – Жанболат Абилов. Ал қазір Рауан Карамурзин клубтың тізгінін ұстап отыр. Мен қазақ лигасының координаторымын. Орыс лигасының координатор – Қуат Шакин.  lnHFHs0YKJ0Сол құрылған жылдан бергі клубтың жасаған жұмыстары мен жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтсақ, 2006 жылы алғаш «ҚМУ СUP1» халықаралық турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оң бағаға ие болды. «Вирго», «Статус» «Тікелей эфир», «Бадрисафа» сияқты белді командалар университеттің беделі мен «Ахмет ұрпақтарының» атын асқақтатып жүр. 
«Ахмет ұрпақтары» пікір-сайыс клубы Қазақстан Республикасының аумағындағы облыстармен қатар көршілес Ресей Федерациясының көптеген пікір-сайыс клубтарымен ынтымақтастық  байланыс жүргізіп, тәжірибе алмасып тұрады.YJo40dTk3pgБиылға 2015-2016 оқу жылында пікірсайыс клубына 1 курстардан барлығы 150 студент қатысса, соның ішінде қазақ лигасына 120 студент, орыс лигасына 30 студент жазылған. 
-Пікір-сайыс не береді? Қажеттілігі қандай?
-Біздің пікір-сайыс клубымыздың аты «Ахмет ұрпақтары» деп бекер аталмайды. Университетіміз Ахаң атында. Ендеше онда оқитын студенттер алаштың ардақты азаматының ұрпақтары, ізбасарлары болып саналады. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінде шешендік сөз туралы айтылады. Біздің пікір-сайыс деп отырғанымыз сол шешендік өнердің заманауи түрі, жалғасы. Шешен сөйлеу, шебер сөйлеу, жүйелі сөйлеу халқымызға тән қасиет. Пікір-сайыс баба өнерін жастардың бойына дарытуды көздейді. Олай болса пікір-сайыс дұрыс сөйлеуге, мағыналы, мәнді ой айтуыға баулиды. Көпшіліктің алдына шыққанда қысылмай, қымтырылмай сөйлеуді үйретеді. Сөйлеу мәдениетін меңгеру қай уақытта да керек. 
-Іске сәт! Турнирдің ойдағыдай өтуіне тілектеспіз. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓