Ұсыныс пен ескертуіңізді айтыңыз
Енді оқушы балаңыздың оқулығындағы кеткен олқылықтар мен кемшіліктерді айтып, ұсыныс білдіруге мүмкіндігіңіз бар. Оқулықтардың сапасы, кейбір материалдардың оқушының қабылдауына ауыр тиетіндігі, ғылыми тілмен жазылғандығы, цифрлардың көптігі тағы да басқа қателіктер туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі сол олқылықтарды жібермеу мақсатында қазақстандық оқулықтарды қоғамдық бағалау үшін сайт жасады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылғы 1 қарашадан «Оқулықтардың сапасына қоғамдық баға» арнайы порталының жұмыс бастағаны туралы хабарлайды. Бұл портал беріліп жатқан оқулықтар мен ОӘҚ қоғам өкілдерінің қол жетімділігіне және ол бойынша ескертулер мен ұсыныстар білдіруге мүмкіндік береді. Әрқайсысымыздың ой-пікіріміз, ұсынымыз Сіздердің оқу-әдебиеттерінің сапасын жетілдіру үшін өте маңызды.
www.expert.okulyk-edu.kz адресі бойынша «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орналасқан.
Гүлназым САҒИТОВА