Жастарға арналған жоба
Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы тапсырысымен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қолдап, «Жастар саясаты мектебі» шарасы ұйымдастырылған. Аталмыш жобаны жыл сайын жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, республикалық жастар саясатын іске асыру тәжірибесін игеру мақсатында өткізіледі. Жоба шеңберінде жыл сайын облыс орталығында қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің қатысуымен өткізіліп отырады.
Бірнеше күн ішінде қатысушыларға көшбасшы қабілетін дамыту мен бірлескен командаларға тренингтер жүргізіліп, жастар жұмысының жаңа нысандарымен танысу, жастар жобаларын басқару мәселелері қарастырылды. Соңында қызметкерлерге жаңа технологиялар туралы игерген білімдерін пайдалана отырып, алдағы уақытқа қойған жоспарларды әзірлеп, өзіндік жұмысқа презентация өткізетін болды.
-Облыстық жастар ресурстық орталығының тапсырысымен семинар ұйымдастырылды. Астана қаласынан ұлттық тренерлер пулының жаттықтырушысы, «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ҚБ төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев арнайы шақыртылды. Сондай-ақ, шараға қатысушы жастарға өз өңірлеріне барар алдында нақты бір тапсырма беріліп, алдағы уақытта нәтижесін қортындылайтын болады, – деді «Іскер жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Кикимов Дархан.
Әсел ҚИБАШ