Ұялы телефон алаяқтары өршіп барады

Қостанай облыстық ІІД-нің мәлімдеуінше, аймақта телефон алаяқтарының қылмысы өршіп барады. Қылмыскерлер аңқау азаматтарды алдап соғудың жаңа әдісін де ойлап тапқан. Ұялы телефондарға көлік ұтып алғаны туралы жалған ақпараттар таратады. Алданған Рудный қаласының тұрғыны 6 күн ішінде алаяқтардың есепшотына 69 мың теңге аударған. 
kredyt-smsРудный қаласындағы Ішкі істер басқармасына жергілікті азаматша келіп, белгісіз біреулер оны алдап, ақшасын алып қойғанын айтып, көмектесуді өтінеді. Алданған әйелдің айтуы бойынша оның ұялысына мыңадай хат келген: «Құрметті абонент! Сіз көлік ұтысына үміткер атандыңыз. Ұтысқа қатысу үшін коммисяға ақша төлеуіңіз керек». Қосымша ақпарат алу үшін хатта нөмір көрсетілген. Азматша нөмірге қоңырау шалып, мән-жайды біледі. «Ұтысқа үміткерлер саны көп. Сіз мүкіндігіңізді арттыру үшін біздің есепшотқа ақша салуыңыз керек» деген жауап алады. 
Алаяқтардың өтірігіне алданғаның рудныйлық тұрғын 69 355 теңгесінен қағылғаннан кейін бірақ түсінеді. 
Қостанай облыстық ІІД-нің ізкесуші полицияларының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірде осыған ұқсас 7 қылмыс тіркелген. Суайттардың тағы бір айласы ол  полиция қолына түскен туысқандарына ақша төлеп, көмек сұрау. Мұндай қылмыс биыл 26 рет тіркелген. 
Тәртіп сақшылары тұрғындарға ешқандай жағдайда бөтен нөмірден келіп түскен хаттар мен қоңыраулардың өтінішіне жауап бермеуді құлаққағыс етеді. Сәл күдік туған жағдайда 102 нөміріне және жақын мандағы полиция бөлімшесіне хабарласыңыз.      
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓