Жол жөндеуге – 23 млрд теңге

Биыл Қостанай облысында республикалық маңызы бар автожол учаскелерін жөндеуге 23 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.Биыл Қостанай-Қарабұтақ автожолының 19 шақырымын күрделі жөндеуді аяқтау жоспарлануда, бұл Рудныйдан Аят өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі қашықтық. Аталған жоба соңғы уақытта аймақтағы ең ауқымдылардың және ең проблемалық жобалардың бірі болып саналады. Ұзақ уақыт бойы сот процестері өтіп, жаңа мердігерді іздеуге байланысты жұмысқа ертерек кірісуге мүмкіндік болмады. Салдарынан жоспардағы 114 шақырымның жөндеуден өткені – 70-тен астам км.
"Онда бізде үшінші техникалық санат болды, біз оны бірінші техникалық санатқа ауыстырамыз. Бірінші санат – 4 қозғалыс жолағы, оған қоса Әйет, Таран, Варваринға шығатын екі жол айрығы, сондай-ақ тағы бір жол айрығы — Рудный қаласының айналма жолы", – дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ КҚ директоры Андрей Горват.
Сонымен қатар, теміржол үстінен өтетін көпір салу жоспарланып отыр. Мұның бәрі жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. А.Горват атап өткендей,  жол және жол айрықтары 2022 жылы дайын болуы керек. Бұған 19,5 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, биыл 3 млрд теңгеден астам қаржы тағы 141 шақырым жол учаскелерін орташа және күрделі жөндеуден өткізуге бағытталады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓