Статистика сөйлесе…
Лисаковта, ІІБ берген мәлімет бойынша, соңғы тоғыз айда 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 58,1%-ға төмен. Өткен жылы 31 апат болғаны жария етілген-ді. Сәйкесінше, ауыр дене жарақатын алған адамдар саны да кеміген: былтыр 38 жолаушы жапа шексе, биыл – 13 адам. Әйткенмен, 2014 жылы адам шығыны болмаған, осы жылы бір кісі қайтыс болды.
Ал, керісінше, жол ережесін бұзушылар саны кемімей тұр. 9 ай ішінде 1132 жүргізуші жол тәртібін белден аттаса, соның 94-і рөлге мас күйінде отырғандар. Бұл сандар былтырғыдан 4-еуге ұлғайғанын көрсетті.
Сотқа жол тәртібін өрескел бұзған 216 жүргізушінің ісі жіберілген. Солардың 99-ы көлік жүргізу құқығынан айырылып, 8-і әкімшілік жазаға тартылды.
Ж.Балғынбекұлы