Қазақ қаламгерінің шығармалары Бакуде жарық көрді
Көрнекті жазушы, Мемлекеттің сыйлықтың лауреты Сәбит Досановтың прозалық шығармалары Бакуде жеке кітап болып шықты. «Ақ аруана» атты кітапқа жазушының «Сымсып ұшқан сыңар аққу» әңгімесі мен «Ақ аруана» хикаясы және «Арманым көп, аз өмірім жетерме?» атты толғауы бостағын бір топ лирикалары енген. Қазақ қаламгерінің шығармаларының азербайжан тіліне аударған көрнекті ақын, прозашы Эльхам Зал.
Әлемді аралап кеткен «Ақ аруана» Низами еліне осымен екінші рет желмаядай желіп, ентікпей еркін жетті. Олай дейтініміз, сонау кеңестік кеңістікте «Ақ аруана мен» алғаш жүздескендердің бірі Низамидің отандастары болатын.
Бакуде, азербайжан тілінде жарық көрген көркем шығармалардың көз жауын алған кермиық, кербез безендірілуі – кітаптың суретшісінің де талантты екенін айқын танытып тұр.