Мұғалімнің беделі неге төмен?
Маржан Нұрсейтова, ұстаз
Мектепте істейтін мұғалімдер сұрауымен бір мəселені қозғау ұсынылған болатын. Мектепке алғаш əліппе үйренуге келген балаларға деген талап өріс алып келеді. Дегенмен жаңа ғасыр балалары зеректігімен технологияны өздігімен меңгеріп жүр ғой. Сол балаларға құқық негіздерінен керектілерін қысқаша əңгімелеуге болады ғой. Əйткенмен зорлық пен зомбылық, өзіне-өзі қол жұмсау, қылмыс жасау кодекстерін беріп басын қатырып жатырмыз. Керекті бала тəртібіне сай заңдылықты үйретсек болады ғой. Тіпті мұғалімдер одан соң оқушылардан тест жұмысын алып, бастарын артығымен толықтыра отырып, жоғарыдағы мекемелерге дейін есеп береміз. Дариға Назарбаева"Мұғалімұғалімдерді есеп қағаздардан босатыңдар!"десе де, түрлендіріп жатыр.
Тіпті сынып жетекшілері өз отбасынан бұрын басқаның отбасын жетік меңгеріп жүр емес пе? Əр оқушының үйіне барып, тұрмыстық жағдайына дейін тінтіп, не бар, не жоқ екенін зерттеп береміз. Сол дұрыс емес-ау, шамасы… Ал ата-ананың кейбірі келмей жатып, қуып шығып жатқандары қаншама! Ол қалды, театрға мектепке билет сатып береміз, бірақ оның мектеп оқушыларының көруіне болады ма, жоқ па? Тақырыбы мен мақсаты тəрбие жұмысымызға сай келеді ме, жоқ па? Ешкім білмей жатып, театрдың төрінен бірақ шығамыз.
Тіпті, "Зеленое яблоко" газетін əр сынып апта сайын бесеуін сатып алу керек. Ол үшін де байғұс сынып жетекшісі үйде отырған ата-аналардан əдрісіне сөгіс алып жатады, Келіп ұрсып та жатыр. Не сонда мына мұғалімдер мəртебесі деңгейінен төмендеп бара жатқанын халық сезіп, жоғарыда отырғандар сезбей ме? Ит болып тіміскілеп, "сен бересің бе, бермейсің бе?", дегеннен қажып жүргендер қаншама! Көп болып, ата-ана болып алатын өштерін қарапайым мұғалімдерге айтқаннан басқа не бітіріп жатыр. Олар мектепке анау керек, мынау керек дегенді естімеу үшін де ата-аналар жиналысына келмей жатыр емес пе? "Балалардың басын зорлық-зомбылық, қылмыс, қайдағы жоқ аурулармен, өзіне-өзі қол жұмсау туралы ата-ана біз айтуымыз керек, сіздер сапалы оқытуды біліңдер!"-деп ұрсатындар да шығып жатыр.
Шындығында Кеңес дəуірінен шыққан балалар неғұрлым инабатты болса, соғұрлым мұғалімнің сөзіне тік тұратын. Қазіргі кезеңде ата-аналары үйде мұғалімді сөгіп жатады. Сол дұрыс па? Əріптестерім не айтады?
Мұғалімнің мәртебесі ешқашан көтерілмейді-ау. талайлардың тепкісіне шыдам жүрген федакарлар ғой. Мәселелерінді майшаммен қарамаса, қу шөппен ауыз сүртіп, бос уәде беріп жүре береді сіздерге.
мұғалімнің беделі төмендеді. Оған жаңағы ақша жинау, артық пәндер,артық барлаулар себеп.Барлық ұстаздар бірігіп нақты ұсыныстар мен шарттарды жазып талап қою дұрыс. Тек бірлесе, әйтпесе салдарлары болады.Театрға тоғытпастан бұрын мазмұнымен танысып алу қиын емес.Осы өзге ұлттың басылымдары лақтай ширақ, тіпті мәжбүрлейді. Қостанай таңын оқытыңдар қазақша әрі тәрбиелік мәні, балаларға арналған беті бар. Ақшаға алған соң таңдап алған жөн. Сосын, ата-аналарды да тәрбиелеууге тура келеді, тапсырма беріңіздер, мына аралықта мынаны баланың зердесіне құйыңыздар деп,қалай орындар екен.Іс жүзінде шыңдалмай құрғақ ақылға мықты .Қысқасы, шешілмейтін мәселе жоқ. ұра берсе сайтан да өледі.
Уйде ата-аналар не окыдын деп емес, мугалим не айтты деп сурайды. Сонын кесири бул.