Бәрі де Сарыкөлдіктер үшін
Сарыкөл ауданындағы атқарылып жатырған жұмыстардың ахуалын арттыру мақсатындағы меморандумдарға қол қою үрдісі жалғасып жатыр.
Жақында тағы бір маңызды құжатқа аудан әкімі Эльдар Күзенбаев, "Сарыкөл –2014" ҚҚ директоры Уәлихан Айғұлақов және "Елсан-Агро" ЖШС директоры Тұрсынбай Садуақасовтар қол қойды. – Бұл жылдың жауапкершілігі мол, жұмыс та өте көп және бизнесмендердің көмегі аудай қажет, – деді аудан басшысы ынтымақтастық келісімге қол қояр сәтте. Сондай-ақ, Тұрсынбай Бағытбайұлы да өз кезегінде есепшот-қа қашан қажетті қаржыны жіберуді сұрап, оның жаубын да біліп, өз міндетін уақытында орындауға уәде етті. Бір айта кетерлік жәйт, "Елсан-Агро" ЖШС демеушілік көмегінің көлемі 2 миллион теңгені құрайды. Әрине, бұл келісімдердің басты мақсаты әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру. Ал жобалар ағымдағы жылғы облыстық спартакиадамен өте тығыз байланысты. Сондықтан да, мұның бәрі ауданымыздың гүлденуі мен сарыкөлдіктердің сарыуайымсыз өмір сүруі үшін қолға алынып жатқан қадамдар.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.