“Жайлауға” барады
Үстіміздегі жылы облыстық білім департаменті алғаш рет 7-8 сынып оқушылары арасында "Жайлау" демалыс база-сында жазғы бейіндік аусым демалысын ұйымдастырады.
Демалысқа өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларынан жетпіс оқушы қатысады. Бұл шараға 2,5 млн. теңге бөлінді. Сонымен бірге оқушылардың жазғы демалысында сегіз пікірталас лагері жұмыс істейді. Ал, бес жүз тоқсан бала жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Астана қаласына экскурсияға барады.