Орындалғаны – 11 жоба

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды. Әуелі Сорочин ауылындағы ауызсу тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылу барысымен танысты. Ұзындығы 22,1 шақырымды құрайтын жоба өткен жылы 320 млн теңге сомасына іске асырылған болатын. Осылайша, Сорочин елді мекенінің тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.
Облыс әкімі Сарыкөл ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде де болды. Былтыр бұл нысан 31 млн теңгеге ағымдағы жөндеуден өткен еді.
Одан әрі Комсомол жалпы білім беретін мектебіне барып, өткен жылы 72,8 млн теңгеге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты.
«Былтыр Сарыкөл ауданында 1 млрд 3 млн теңгеден астам сомаға 11 жоба жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Сарыкөл ауылындағы «Мелитопольское» ЖШС және Комсомольское ауылындағы «КазПроИнвест» ЖШС егіс алқаптарын араладым. Сондай-ақ, аудан әкімі Амантай Балғарин өңірдің биылғы жылға арналған егіс науқаны туралы баяндады. Алдын ала жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды ескере отырып, үстіміздегі жылы 327,3 мың га алқапта дақылдарды егу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101% құрайды», – деді А.Мұхамбетов.
Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы аудан әкімі А.Балғаринге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыруды тапсырды.
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓