Күн тәртібінде – тілсіз жаудың алдын алу шаралары

«Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ-ның кеңесу залында облыстық ТЖД қызметкерлері мен мекеме директоры орынбасары, әуежайдың мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі мамандары қатысуымен дөңгелек үстел өтті. DSC_0194Жиын барысында нысанның өртке қарсы ахуалы талқыланды. Өрт қауіпсіздігіне немқұрайды қарағандарға әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктің күшейетіні жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ дөңгелек үстел аясында әуежайдың мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің қажетті құрал-сайман, құрылғылармен қамтылуы турасындағы мәселелер сөз етілді. Тілсіз жау шыға қалған жағдайда мұндағы қызметкерлердің әрекет ету алгоритмі, мемлекеттік өртке қарсы қызметке дер шағында хабардың берілуі керектігі тәптіштелді. Үлгі-үгіт ретінде 100 ескертпе плакаттар таратылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓