Талтүстегі қылмыс
З.Алдамжар атындағы Қостанай университетінде ер адам оқытушыны өлтіріп, өзі сегізінші қабаттан секіріп кеткен.
Университеттегі Қ. есімді оқытушының айтуынша, қайғылы оқиға кеше болған. Ер адам университетке келіп, оқытушыны бауыздап тастаған. Артынша өзі ғимараттың сегізінші қабатынан секіріп, көз жұмды. Жәбірленуші оның әйелі болуы мүмкін.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.