Пышақ ала жүгірген

Жітіқара қаласының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны 19 жастағы жігітті пышақпен жаралады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.нож
17 және 19 жастағы жігіттердің арасында кикілжің басталып, соңы төбелеске ұласқан. 
"Оқиға 26 қаңтарда дүкен алдында болған. Төбелес кезінде 17 жастағы жігіт қарсыласын пышақпен жаралады. Қазіргі уақытта осы іс бойынша сараптама белгіленіп, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жапа шегушінің жағдайы анықталуда", – делінеді хабарламада. 
Күдікті ұсталды. Егестің туындау себептері айқындалып жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓