Жойқын жол апаты болды

Таран ауданынан іссапардан оралып келе жатқан БАҚ өкілдері кездейсоқ жол-көлік апатының үстінен түсті.
Шамамен түс әлетінде Рудный-Қостанай тас жолының он екінші шақырымында (Семилетка ауылының тұсында) «Фолксваген» жеңіл көлігі мен шағын автобус соқтығысып, салдарынан 1977 жылы туған жеңіл көліктің жүргізушісі мен шағын автобуста отырған жолаушы ауыр халде ауруханаға жөнелтілді.

IMG_6736

 

IMG_6761

Ал «Фолксвагеннің» сау-тамтығы қалмаған. Көліктің кілт-құралдары, қосалқы бөлшектері елу метрге дейін шашылып жатыр. Осыдан-ақ апаттың өте жойқын болғанын бағамдау қиын емес. 
IMG_6753

 

 

Жол патрульдерінің айтуынша, Рудныйға бара жатқан қос көлік бірін-бірі басып озбақ болған. Өте қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан жеңіл көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмаса керек.

IMG_6763

 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓