Бекет басында шен алды
Патрульдік полиция ротасының инспекторы полиция аға сержанты Алмат Еслямғалиев пен кіші сержант Диас Батырханов Мендіқара тас жолында орналасқан санитарлық бекетте қызмет атқару кезінде полиция лейтенанты атағын алды. Атақтарды Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев табыс етті.
Алмат Еслямғалиев 6 жыл бойы полицияда қызмет етіп, офицер болуды бұрыннан армандаған. – Мен үшін бұл атақты алу – маңызды сәт. Бүгін мен санитарлық бекетте қызмет атқарамын, осы қиын кезеңде жұмыс істеу оңай емес, бірақ мен және әріптестерім бұл дертті жеңеміз деп ойлаймын. Біз барлық сынақтардан өтіп, одан абыроймен шығамыз деген үміт басым, – деп атап өтті полиция лейтенанты. Коронавирус пандемиясы салдарынан Қостанай облысының полицейлері күшейтілген тәртіпке көшірілді.
Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев олардың қызметіне сәттілік тіледі.