Дәрігерлер қайырымдылыққа шақырады

Қостанайлық дәрігерлер жастар бастамасын қолдап отыр. «Жақсылық жасауға асық» деп ұрандатқан ақ халаттылар облыс орталығындағы ауруханалардың біріне «Қайырымдылық жәшігін» орнатты. Айтулы қорапқа киім-кешек, кітап және ойыншықтарды да салуға болады. Жиналған бұйымдар аз қамтылған отбасыларға, көмекке зәру жандарға таратылады. 00_0091_2015-11-04_103547.AVI_snapshot_00.00_2015.11.05_08.55.31Осыдан екі апта бұрын қостанайлық жастардың қолдауымен қолға алынған бұл акция алғашында Орталық әмбебап дүкенінде (ЦУМ) басталған. Кіреберісінде орнатылған жәшікке қызығушылар көп болды. Сол жобаны Қостанайдағы №4 аурухана қызметкерлері де құп көріпті.  
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓