КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАЛДЫ

Аманкелді селосындағы А.Байтұрсынов  – Торғай және А.Байтұрсынов – Божманов көшелерінің қиылысындағы жол бөліктері жаңадан асфальтталды. Атап айтқанда А.Байтұрсынов – Торғай көшелерінің бойындағы 8 метр, А.Байтұрсынов – Божманов көшелерінің бойындағы 6 метр жолға асфальт төселді. Бұған дейін автокөліктер асфальт төселмеген бұл жерлерден жүргенде қиындыққа тап болатын. Кедір-бұдыр, ойқы-шойқы жолдар техникаға да, жүргізушілерге де ауыртпалықтар әкелетін. Енді міне, асфальт төселген тақтайдай жол бойымен жүру жеңіл әрі тиімді болып отыр.30Jv9jSr8Go
  Бұл жұмысты Арқалық ауданаралық жол пайдалану учаскесі Аманкелді бөлімшесінің жұмысшылары жасады. Жөндеу жұмысын жасауға жергілікті бюджеттен 8 миллион 132 мың 842 теңге қаралған еді. Қаржы толық игерілді.
 
Хамитбек МҰСАБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓