Қарғын судан қауіп бар
Күн жылынып, қар ери бастағаннан қаланың шет аудандары әбігерге түседі. Биыл да су алу қаупі жоғары аймақтарда дайындық жұмыстары ерте басталып, қауіпті аймақтарға күзет күшейтілді. Облыстық ТЖД бастығы Талғат Кәкімов өңірде 39 елді мекенді су басу қаупі бар екенін айтты.
– Тасқын судың алдын алу шараларын бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бастапқыда 96 елді мекен су басу қаупі бар аумақтар санатына алынған. Алайда, қазіргі уақытта нақты қауіп 39 елді мекенге тиіп отыр. Қарғын судың алдын алу және жою бойынша жол картасы жасалды. Оған 442,8 млн теңге бөлінді, – деді департамент бастығы.
Қостанай қаласының аумағында, Дружба ауылының Луговая, 70 лет Октября, Пионерская, Хәкімжанов, 30 лет Целины, Парковая көшелері, 2-Қостанай ауданындағы Энгельс, Некрасов, Тургенев, Спартак, Крупская, Химиктер, Солнечная, Достық, Самал, Ақсу көшелері, Красный Кузнец, Пионерская, жас жауынгер көшелері, сонымен бірге Нариман базары ауданындағы Тобыл көшесіне қар суынан қауіп бар.
Сондай-ақ, үйіліп-жиылған қарды жаппай қала сыртына шығару түн мезгілдерінде жүзе асырылады. Өйткені, күндізгі әлетте төгінділерді тысқа тасу жұмыстары, көшелерде көлік қозғалыстарының көп болуына байланысты, ширақ әрі сапалы жүрмеуі мүмкін дейді мамандар. Қазіргі уақытта «Таза-Жол АТ» ЖШС, «АБЗ плюс» ЖШС, «Вектор» ЖШС, «Экол» ЖШС мердігерлік ұйымдары бел жазбай жұмыс істеуде. Жол тазалау қызметі алғашқы кезекте қоғамдық көліктер қозғалысы тығыз, негізгі көше бағыттарын қардан аршыды. Әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар тазаланды.
«Қазгидромет» РМК Қостанай қаласы бойынша филиалының мәліметі бойынша, бүгінде қар жамылғысының орташа мөлшері 21 см-ге жетті. Бұл жылдық нормадан 5%–ға артық. Таяу арада су айдындарында жарылыс жұмыстары жүргізілмек. Азаматтық қорғау қызметі жасақталулы, қауіпсіздік пунктері әзірленуде. Облыстың оңтүстік аудандарында қызыл су деңгейі наурыздың үшінші онкүндігінде көтеріледі деп күтілуде. Ал теріскей аймақтарда су тасқыны сәуір айында қарқын алуы ықтимал.