Жұмыс та, жоспар да көп

Жанкелдин ауданында ауыз су мәселесі лайықты шешімін тауып келеді Облыстағы бірқатар елді мекендердің тұрғындары әлі де аузы тұщып, сапалы су іше алмай отыр. Әсіресе, бұл мәселе астықты аймақтың бір қиырында орналасқан аудандарға тән құбылыс. Бұрынғы кеңес үкіметінен мұраға қалған орталықтанды-рылған су құбырлары әлдеқашан тозығы жетіп,істен шыққан.
река
Жұрт әлі күнге арбасын сүйретіп құдықтан су тасып ішеді.Ана бір жылдары Торғай өңіріндегі тұрғындардың ауыз судың азабын тартып отырғанын жазғанбыз. Ол жақта соңғы жеті жылда су тасыған жоқ. Өзен-көлдердің маңында орналасқан ауыл тұрғындары амалсыз малдың қиы аралас көгерген суды ішіп, көкөзегіне талғажау еткен. Биыл шалғайдағы Жанкелдин ауданының тұрғындары арқа-жарқа күйге бөленді. Өйткені, көп жылдардан бері өңірге алапат су келді. Өзен-көлдер арнасынан асып, тасымаса да су қоры едәуір молайды. Тоқанай ауылының тұрғыны Ділдәгүл Манабаева бұған ерекше қуанулы. "Биыл етекке едәуір су жайылды. Бірнеше жылдардан бері құрғап, құмдауыт далаға айнала бастаған өзендердің маңы қазір айнадай жалтырап жатыр, – дейді ол қуанышын жасыра алмай. Дәтке қуаты сол,Тоқанайдың тұрғындары ауыз суды алыстан арбаламайды. Ауылдағы жалғыз құдықтың суы ағайынның өзегін тал-дырған емес.Тек,оның санитарлық талаптарға қаншалықты сай екенін ешкім дөп басып айтып бере алмайды. – Мына тұрған Тәуіш пен Сужарғанға су келмегелі жеті-сегіз жыл болыпты. Биыл халықтың көптен бергі тілегі қабыл болып, аудан көлеміндегі ауылдардың бәріне су жақсы жайылды,– дейді Жанкелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин, – Бұл елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге біраз септігін тигізеді.Мемлекеттік "Ақ бұлақ" бағдарламасы арқылы Ақкөл мен Ақшығанақта,Тәуіш пен Көкалатта,Торғайдың өз басында су тұщытатын қондырғылар орнатылып, халықтың сапалы ауыз суға қолдары жетті. Аудан әкімінің айтуынша, 2011-2020 жылдарға белгіленген мемлекеттік
воду берет
"Ақ бұлақ" бағдарламасы өңірде біртіндеп жүзеге асып жатқан көрінеді. Мәселен,биыл қазынадан бөлінген 282 969 млн.теңгеге Саға ауылында су тұщытатын қондырғы орнатылып, 8,985 шақырым қашықтықтан құбыр тартылмақ. Маусым айында мердігер компания құрылыс жұмыстарын бастап та кетті. Алла бұйыртса, Қоңыраулы бойын мекен еткен ағайын үшін ауыз суға қарқ болатын күн алыс емес. Жалпы, бүгінгі таңда Жанкелдин ауданындағы сегіз ауыл немесе аудан тұрғындарының 77 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Егер сандарды сөйлетсек, 2006-2011 жылдардың шеңберінде "Ауыз су" бағдарламасы бойынша барлығы 675 743 528 теңге игеріліпті. Бұған Торғай кентінде су тарату жүйесі қайта қалпына келтіріліп, 16,963 шақырым су құбыры тартылған. Аудан орталығына алты шақырым жерде 50 метр тереңдіктегі су көздерін пайдалану үшін қазылған ұңғыма бар.Сол ұңғымаға төрт қондырғы жалғанған. Міне, кент тұрғындары осы арқылы сапалы ауыз су ішіп отыр. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Аралбай және Ақшығанақ ауылдарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу қолға алынды. ЖСҚ дайын бол-ған соң,ол мемлекеттік сараптамадан өткізіледі.Бұл жұмыстармен "Костанайводпроект" ЖШС айналысып жатыр. – Ауданда коммуналдық жүйелерді жаңғыртудың 2013-2020 жылдарға арналған аумақтық жоспары тізілген.Осы жобанының негізінде 2020 жылға дейін Жанкелдин ауданындағы барлық елдімекендер ауыз сумен толық қамтылады, – дейді аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев. Торғай кентінің іргесіндегі Шеген ауылының тұрғындары да ауыз суды құдықтан тасып ішеді. Мұнда 2006 жылы пайдалануға берілген шахталық құдық тұтас ауылды тұщы судан тарықтыр-ған емес. Аманкелді селолық округінің әкімі Жарқын Сабыржановпен осы тақырыпта әңгімелескенімізде, ол Шеген ауылына орталықтандырылған су құбырын тарту жұмыстары 2018 жылдың жоспарына енгізілгенін мәлімдеді. Әзірге болжам бойынша бұл мақсатқа 69 млн.теңгедей қаражат қажет. "Жобалық-сметалық құжаттар әзірленгенде оның нақты сомасы айқындалады,–дейді ауыл әкімі, – Мүмкін сол кезде су құбырын бір жола үйді-үйге кіргіздіріп беретін шығармыз".
колодец
Кезінде отыз мыңнан астам тұрғыны болған қарт Торғайдың төңірегінен ана бір жылдары ел үдере көшкенде, оған басты себеп болған түйткілдің бірі осы ауыз су мәселесі тұғын.Одан бері қаншама су ақты. Құдайға шүкір, қазір елдегі ағайын ешқайда алаңдап отырған жоқ. Әттең,жердің шалғайлығы болмаса, Торғайда да жақсы өмір сүруге болатынын көрдік. "Ең бастысы, Алла ауыз судан тарықтырмасын", – деп тілейді алыс ауданның тұрғындары.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓