Еуразиялық экономикалық интеграция: сұрақтар мен жауаптар

– Еуразиялық экономикалық интеграцияның оң тұстары қандай? – Жалпы, Кеден одағы Қазақстанның серіктестерімен бірге бірыңғай біріктірілген экономикалық жүйе бойынша ұлттық экономиканың күшеюіне ықпалын тигізетін халықаралық қатынастарға шығуына мүмкіндік береді. Көлемді тұтыну нарығын құру инвестициялық жағымды болып табылатыны сөзсіз. Осы нарықтың қатысушысы және негізін қалаушыларының бірі ретінде Қазақстанның үшінші елдермен экономикалық қатынастарында күшті келіссөз ұстанымдары мен бәсекеге қабілетті артықшылықтар пайда болады. Осыған мысал ретінде дүниежүзінің бірқатар ірі экономикасының Кеден одағымен еркін сауда аймағы, бізбен жүргізілген саудадағы преференциялары туралы келіссөздерін келтіруге болады. КО келіссөздердің белсенді сатысында дүниежүзінің ірі экономикасының бірі – Үндістан, Вьетнам және басқалар тұр. Топтамалық ынтымақтастықтың ең сәтті мысалдарының бірі ретінде бір-ыңғай экономикалық ұстанымдары бар Еуроодақты, ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы) атап кетуге болады. Бірыңғай кеден аумағын құру ішкі нарық сыйымдылығын елеулі ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кеден одағы елдерінің жалпы нарығының көлемі 2 трлн. АҚШ долл., адами ресурстары – 170 млн. адамды, аумағы 20 млн. шаршы м., жалпы өндірістік әлеуеті – 600 млрд. долл. құрайды. Кеден одағының жұмыс істей бастауы экономиканың көптеген салаларына оң өзгерістер алып келді: 1.Кедендік әкімшілендіру және салық салу Кеден одағы шеңберінде тауарлардың жылжуын жеңілдететін жағдайлар құрылды. Атап айтқанда, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап Кеден одағының ішкі шекараларында бақылаудың барлық түрлері (шекаралық бақылаудан басқа) алынып тасталды. Кеден одағын құру қазақстандық кәсіпкерлер үшін нарық шекарасының елеулі кеңеюінен басқа, шекарадағы транзакциялық және уақытша шығындарды төмендету және енді бизнесті дамытуға бағытталуы мүмкін елеулі айналым қаражатын босату бөлігінде отандық бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер берді. Өзара саудада отандық бизнес елеулі жеңілдетулерге ие болды, олардың ішінде: – РФ мен БР-дан импортталатын тауарлар бойынша импорттық ҚҚС пен акциздерді төлеу бойынша мерзімін 50 күнге дейін ұзарту; – ЖКД мен негізгі нысанға 50 евро және әрбір қосымша параққа 20 евро мөлше-ріндегі кедендік алымды жою. 2. Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану Кеден одағының ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы әзірленген нормативтік құқықтық актілері Кеден одағының ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесін құруға, келісілген саясатты, сондай-ақ осы салада бірлескен іс-қимылдар жүргізуге мүмкіндік береді, Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағы бойынша өнімдерді бірыңғай талаптар бойынша және тең жағдайда өткізуді қамтамасыз етеді. Осының барлығы бірыңғай кеден аумағында жаңа өндірістерді, өзара толықтырушы кәсіпорындар кооперациясын дамыту және сатылас біріктірілген корпорацияларды құру үшін қуатты ынталандыруы тиіс. Нәтижесінде, бұл Кеден одағы мемлекеттеріне әлемдік нарықта өздерінің өнімдерімен бәсекелесе алуына мүмкіндік береді. 3. Тікелей шетел инвестициялар ағымын ұлғайтуды және бірлескен кәсіпорындар ашуды ынталандыру Бүгінгі таңда, Кеден одағының басымдықтарын пайдалана отырып ҚР аумағында бірлескен кәсіпорындар құрылуда. Көкшетау қаласында жүк автомобильдері өндірісі бойынша "КАМАЗ – Инжиниринг" АҚ құру ірі және табысты бірлескен Қазақстан-Ресей жобаларының бірі болып табылады. Семей қаласында "СемАЗ" АҚ базасында "Беларусь" тракторларының және "АгромашХолдинг" АҚ базасында "Есіл" комбайндарының бірлескен Қазақстан-Беларусь өндірісі және т.б. жолға қойылды. 2010 жылғы наурыздан бастап республикада үдемелі индустриалды-иннова-циялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталды. Бағдарлама ішкі және шикізат секторымен байланыспаған, ал одан әрі Кеден одағының нарығына бағдарланған экономика салаларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Кеден одағын құрумен қазақстандық өндірушілер үшін өткізу нарығы 10 есеге ұлғаюда, ол өз кезегінде өндіріс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Көлемі бойынша үлкен ішкі нарық шетел инвесторлары үшін тартымды болып келетіндігі маңызды фактор болып табылады. 4. Инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету Қазақстан негізгі өткізу нарықтарынан қашықта орналасқан және теңіз айлағына шыға алмайтын ел болып табылады. Осыған байланысты қазақстандық экс-порттаушылардың Ресей көлік инфрақұрылымына қол жеткізудің қолайлы жағдайлар беру мәселелеріне баса назар аударылады, ол көлік шығындарын қысқартуға және тиісінше үшінші елдердің нарығында қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Ішкі кеден шекарасының алынып тасталуы қазірдің өзінде Еуропа нарығына біздің бидай мен ұн, басқа да дайын және шикізат тауарларын экспорттаушыларға тасымалдау шығындары мен жолдағы уақытты қысқартуға мүмкіндік беруде. – Ауыр өнеркәсіп өнім көлемін жоғарылату жолында. Қазіргі мақсат – өнеркәсіп өнімдерінің экспорт көлемін арттыру. Бұл мәселе қандай деңгейде? – Қазақстанның интеграциялық процесі мен индустрияландыруының қатар дамуы нақты нәтижелер көрсетуде; ҮИИДМБ сияқты даму бағдарламалары арқасында Қазақстанның өнеркәсібі қазіргі кезде белсенді дамып келе жатыр. Осы саладағы әлеуетті жүзеге асыру үшін БЭК шеңберінде қол жеткізген келісулер бар нәтижелерді арттыруға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай туғызады. Көлік құралдарын, қара металлдан жасалған дайын бұйымдарды, пластмасса, резеңке, қағаз, тұрмыстық техника және басқа да тауарлар өндірісі дамуында оң үрдістер байқалады. Қазіргі таңда Қазақстанда жеңіл көліктер, автобустар, жүк көліктері, арнайы техника шығаратын 7 зауыт жұмыс істейді, жеңіл көліктерінің белгілі 6 маркісінің (КИА, Шкода, Санг-йонг, Шевроле, Шанс, Пежо) 35-тен астам түрін жасайды. Соның ішінде, шығарылатын техникадағы қазақстандық өнім деңгейі 25%-30% құрайды. Жеңіл автокөліктер өндірісінің көлемі 2013 жылы 37000-нан астам бірлікті құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 4,5 есе жоғарылауды көрсетеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓