Ардагерлер ұйымының конференциясы

Арқалық қалалық ардагерлер ұйымының ХІІІ конференциясында ардагерлер кеңесінің және тексеру комиссиясының құрамдарын сайлау, облыстық ардагерлер ұйымының VІІ конференциясына делегаттар сайлау мәслелері қаралды.
Республикалық орталық ардагерлер ұйымының Жарғысында облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер ұйымдарында есеп беру сайлау конференциясы 5 жылда бір рет өтетін болып белгіленген. Жарғыда көрсетілгендей бұған дейін барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарында да есеп беру, сайлау жиналыстары өтті.
Қалалық ардагерлер ұйымының 2010 – 2015 жылдар аралығында атқарған жұмыстары бойынша ұйым төрағасы К. Ақанның есебі тыңдалды.

DSCF2334

 
Пленумда ұйымдастырылу мәселелері қаралып, ардагерлер ұйымын 15 жыл басқарған, таяуда ғана 80 жас мерейтойын атап өткен Кәки Шәріпұлының өтініші қанағаттандырылып, қалалық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағалығына ұзақ жылдар бойы білім саласында жемісті еңбек еткен, зейнеткер Ж. Ғапбасұлы сайланды.
Конференция жұмысына қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Укин қатысты.
 
Мұрат Жүнісұлы
Суретте: Қалалық ардагерлер ұйымының бұрынғы және жаңа төрағалары.
Суретті түсірген автор
                                                        Арқалық қаласы.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓