Ғалымның ғибратты ғұмырынан сыр шертті

Облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайда Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Темірбай Дарқанбаевтың 105 жылдығына арналған кеш болды.
Биология ғылымы саласында салмақты жетістіктерге қол жеткізген жерлесіміздің өмірі – өскелең ұрпаққа  өнеге,- дейді жиын қатысушылар.image002Айтулы жиында алдыңғы буын өкілдері мерейтой иесінің еңбегі мен ғылымға қосқан қомақты үлесі жайында мол мағұлмат берді. Өзі болмағанымен, көзіндей боп қалған мол мұрасы отандық ғалымдар үшін үлкен жаңалықтың алтын кілті.
Тобыл өңіріне ғана емес, тұтас елге танылған тау тұлға биология ғылымына өзінің бар өмірін арнады десе де болады. Осы салада ол жүзден астам ғылыми еңбектер жазған. Әсіресе, «Дәрумендер және олардың адамға пайдасы» деп аталатын еңбегі ел ғылымына елеулі пайда әкелгені жасырын емес. Осыған орай ол екі рет «Құрмет белгісі орденімен» КСРО-ның 5 медалімен және Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағымен марапатталды.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓