Қарақшылар қаршадай қыздан таяқ жеді
Қостанайлық Гүлмира Сәндібаева көлігін тонаған ұрыларды өзі құрықтаған. Болған оқиғаның мән-жайын батыр қыз әлеуметтік желілерде жариялапты.
Ерлігін айтып, мақтану үшін емес, айғайлап көмек сұрағанда ешкімнің назар аудармағанына күйінеді жас қыз.
(Сурет Гүлмира Сәндібаеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)
Түс мезгілінде Гүлмира сіңілісі оқитын мектепке келіп, шаруаларын реттеп, сыртқа шықса, белгісіз біреулер көлігінің есігін бұзып, магнитафоның сындырып, флэш-карта мен 30 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін көреді. Дереу арада полицейлерге хабарлайды.
Қынжылған қазақ қыз жан-жағына қарайлай бастайды. Өзінен 100 метр қашықтықтан екі ер адамды байқап, солардан күдіктенеді. Аяндап басып, артынан ереді. Сол маңдағы кітапхана қуысына өтіп, ұрылардың тағы да «Хюндай» маркалы көлігін тонағалы жатқаның көреді. Мүмкіндікті мүлт жібермей, үстерінен түсіп, Гүлмира өз заттарын сұрайды.
Қыздың айтуынша, көлік тонағыштардың бірі арық, бойы шамамен 165 см, 30-35 жаста болуы мүмкін. Ал екіншісі – ірі денелі, бойы – 185 см.
Жәбірленуші тағы да 102-ге қоңырау шалады. Олар қаша жөнелген. Алайда, ашуға булыққан Гүлмира ұзын бойлы еркекті аяғынан шалып құлатады. Тағы да тепкіге алады. Ұры қарсылық білдіре бастағанда, оның бетін тырналауға көшеді. Айғайлап шақырған көмегіне ешкім құлақ аспаған.
Еңгезердей еркек қаршадай қыздан қашып, аулаға кіріп, қақпаның есігін жауып алады. Бұл уақытта полицейлер де келеді. Гүлмира олардың қашқан бағытын көрсетеді. Өзі де қарап қалмай, бір бүйірден андып барады. Жол-жөнекей қолына таяқ қыстыра кетеді. Ұрының алдынан шығып, таяғымен арқасынан екі ұрып, жұдырығымен тұмсығын бұзады. Артынша тәртіп сақшылары келіп, ұрыны құрықтайды.
-Мен осыны не үшін жаздым? Мен – шынашақтай ғана, жұқа қызбын. Салмағым – 49 келі, бойым болса 160 см. Өткендерден көмек сұрадым, маған ешкім мойын бұрмады. Адамгершіліктен жұрдай болғанымыз ба?,-дейді Гүлмира Сәндібаева.

Кенже ҚОНЫСБАЙ