Күдікті сөмке алаң тудырды
Қостанай қаласының Складской көшесі бойында қалдырылған күдікті сөмке тәртіп сақшыларын аяғынан тіктұрғызды.
Оқиға 4 тамызда күндізгі сағат 4-тер шамасында болған. Кезекші бөлімге шалынған қоңырау бойынша, сол орынға дереу жедел жәрдем көлігі, залалсыздандырушы мамандар және өзге де арнайы жасақ жұмылдырылды.
Абырой болғанда, жарылғыш зат табылған жоқ.