“Мен және менің полицейім”
Рудныйлық оқушылар полицей қызметкерлерінің жұмысымен танысты
Рудный қаласының ІІБ «Мен және менің полицейім» атты акция асяында №20 мектеп пен балабақша балақайларымен Жедел басқару Орталығында кездесу ұйымдастырды.
Тәртіп сақшыларының әрекеттері мен бүлдіршіндерге дайындаған тапсырмалары шараның көркін кіргізді. Балалар полицей киімдерін киіп, бұйымдарымен танысты.
-Бүгіннен бастап мен «102» нөміріне шалған қоныраудың қай жерге түсетінін білдім. Бұрын тұрғындар қайда хабарласады екен деп ойлаушы едім,-дейді 4-сынып оқушысы Сергей Глоба.
Оқушылар полицейлердің көмекшісі болып жүрген иттерді де тамашалады. Бағдарлама соңында жас буынға жол ережесі мен қоғамдық тәртіптер туралы насихат айтылды.

Қостанай қаласы ІІБ-нің учаскелік инспекторы Ақжан Құлтасов бағдарламаның берері көп екенін айтып, ойымен бөлісті:
-Мұндай кездесулер балақайлардың тәртіпті үйрену ғана емес, бұл мамандыққа деген қызығушылықтарын да оятады. Мен де бала күнімде осындай шараларға қатысып, полицей болғым келетін. Қазір сол арманыма қол жеткіздім.
Кенже ҚОНЫСБАЙ