Қостанайда күйіктас зауыты құрылмақ
Мұны ресейлік әйгілі Кеrаmа Маrаzzi компаниясы жоспарға алып отыр. Зауыт керамикалық тақталар мен керамикалық граниттер өндіретін болады. Алдын ала пішім бойынша, зауыттың жылдық өндіріс қуаттылығы – жеті млн. шаршы метр тақта. Инвестицияның жалпы көлемі – 40 млн. АҚШ доллары.
Тобыл ӘКК-ның мәлімдеуінше, жобаны іске асыру мақсатында қазіргі кезде қажетті шикізаттық ресурстарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, нысан іргетасын құюға лайықты алаң іздестіру де қолға алынған. Тобыл топырағындағы күйіктас зауыты құрылысының мүмкіндіктері туралы техникалық есеп-қисабын Danieli компаниясы әзірлеп жатыр. Мұнан соң директорлар кеңесі жобаны мақұлдау мәселелерін қарайтын болады.
Ж.Жүсіпбек