Қостанайлықтардың қоржыны майланды

Қызылорда облысында ұлттық спорт түрлерінен IV Републикалық фестиваль өтті. Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Кең ауқымды бәсекеде Қостанай облысының командасы лайықты өнер көрсетті. улттык спортӘсіресе, «Қыз қуудан» алдарына жан салмай, алтыннан медаль тағынған Арыстан Дәулеткелді мен Айсара Асанды ерекше мақтаныш етіп айтуға болады. Сондай-ақ, «Жекпе-жек» спортынан Кенжеғали Жұмағұлов күміс медаль еншілесе, Аманбек Жаманқараев қолаға қол жеткізді. Қымбат Нөсерова тоғызқұмалақ ойынынан команда қоржынын қола медальмен толықтырды. Құнан бәйгеден Қуаныш Өтегеннің жүйрігі көп ішінен оза шауып, екінші келді. Команда қазақ күресінен де олжасыз қалмады. Қыздар арасында 70 келі салмақ деңгейінде Марина Мамонтова үшінші тұғырдан көрінді. Ерлер арасында да 55 келі салмақта Әлішер Мұханбетжанов қола жүлденің иегері атанды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓