Балабақша пайдалануға берілді
Жөндеу жұмыстары екі кезеңді қамтып, мемлекет қазынасынан жалпы сомасы 120 млн. теңге қаржы бөлінген. Мердігері – "Алюминқұрылыс" ЖШС .
Балабақшаның ашылу салтанатында қала әкімі Ғ.Бекмұхамедов пен серіктестік басшысы А.Мұқанов кермесін қиды. Теледидар мен музыка орталығын сыйға тартты.
Сырты жаңаша қапталып, төбесі көтеріліп шатырланған ғимараттың тынысы кеңейген. Есік-терезелері, инженерлік жүйелері толықтай жаңартылған. Іші-сырты бірдей айнадай жар-қырап тұр.
"Бұл үкіметтің ел болашағы үшін жасап жатқан зор қамқорлығы", – деп ата-аналар алғыстарын жеткізуде.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.