Тәуелсіз елдің тірегі – жас мамандар

Мемлекет басшысының бастама­сы­мен қолға алынған “Дипломмен ауылға”  бағдарламасы еліміздің барлық аймақтарында түрлі деңгейде жүзеге асып отыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдарды қажетті жас мамандармен толықтыру. Аталған бағдарла­маға сай  жас мамандарды ынталандыру мақсатында үкімет тара­пынан көтерме ақы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие де берілуде. Осындай игілікті бастама біздің ауданымызда да жыл сайын оң шешімін тауып келеді. Олардың арманы көтерме ақы алып  баспаналы болу емес. Басты көздейтіндері – сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Биылғы жылы аталмыш бағдарлама бойынша аудан, ауыл мектептеріне көптеген жас маман келді. Аудан бойынша білім сапасы да жоғарғы сатыға көтерілді. Бұл жас мамандардың өз істеріне ұқыпты әрі жауапты қарағандықтарының нәтижесі деп білеміз.
 
Замира Серікқызы
Замира Серікқызы
Тарих пәнінің мұғалімі Замира Жамишетованың  Н.Иванов атындағы орыс орта мектебінде жұмыс істеп жүргеніне көп уақыт бола қоймаған. Десе де, ол сабақ барысында тың әдістерді жиі қолданады. Жас маман Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогикалық институтының тарих факультетін бітірісімен, аталмыш мектептке биыл ғана жолдамамен келген.
“ Алғаш мектепке келгенімде оқушыларға қалай сабақ беремін деген ой  мені қатты мазалады. Болашақ жас ұрпақтың тағдыры менің қолымда деген салмақты ой мені сабырға шақырды. Оқушыларға бойымдағы қобалжу сезімімді байқатпауға тарысытым. Әлі күнге дейін білмегенімді тәжірибелі әріптестерімнен сұрап аламын”, – дейді жас ұстаз Замира Серікқызы.
 
Айнагүл АйтжановаАйнагүл ЕркінқызыБылтырғы жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен еңбек етуге келген екінші жас маманның бірі – Айнагүл Айтжанова.  Ол Арқалық қаласындағы Торғай гуманитарлық колледжін бастауыш мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Киелі Торғай жеріне келіп қызмет ету – ол үшін үлкен бақыт. Айнагүл Еркінқызы – өз ісінің машықты маманы. Ол да осы орыс мектебінде дәріс береді. Бас кезінде бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеуге жүрексінгенін жасырмайды. Артынша оқушылармен емін-еркін тіл табысып кеткенін айтады. Жас ұстаз ауданымыздың білім сапасын  көтеруге өз үлесін қосуды мақсат тұтады. Жас маман білімді де тәрбиелі ұрпақтың өсіп-өнуіне өз үлесін қосуды кәсіби парызы есептейді.
 
Гүлмира МәлікқызыГүлмира Мәлікқызы
Елбасы Жолдауында айтылған “Біз кез келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататындығын ұмытпауға тиіспіз” деген қанатты сөзі ауылдан түлеп ұшқан әрбір жасқа алтын бесігі үшін тер төгіп, еңбек етуге міндеттеп тұрғандай, – деп бастады әңгімесін жас маман Гүлмира Сапан.
Торғай гуманитарлық колледжін тәмамдап, бағдарлама бойынша ауданымызға келген Гүлмира Мәлікқызы қазіргі таңда Н.Иванов орта мектебінде шағын орталық топқа тәрбиеші болып қызметке орналасқан. Мектепке келісімен көп жылдан бері ұстаздық қызмет жасап жүрген білікті ұстаздар бағыт-бағдар беріп, өздерінің бай тәжірибелерімен бөліскен. Ол кісілердің ақыл-кеңестерінің арқасында жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеуге ақ жол тілегендігін де жасырған жоқ. Мемлекет тарапынан жас мамандарға жасалынып отырған бұл бағдарламаға кейіпкеріміз дән риза. Себебі оқу бітірісімен көп жас маман қалалы жерлерде жұмыс істейміз дегенімен, армандары ақталусыз қалып жатады. Ауылды жерлерге Гүлмирадай жас мамандар жетіспейді. Сондықтан оқу бітірген көптеген жас ауылға келіп, осындай қамқорлыққа ие болуларын тілектестігін жеткізді.
 
Әсем Жомартқызы
Әсем Жомартқызы
“Дипломмен ауылға” бағдарламасымен келген Әсем Жомартқызы алғаш еңбек жолын Н.Иванов атындағы орта мектебінен бастады. АрМПИ-нан информатика пәні бойынша дәріс алған. Замануи техникалық жабдықтардың дамыған кезеңінде информатика мандығына сұраныс өте көп. Әсемнің айтуынша, информатика кабинеті барлық қажетті құралдармен толығымен қамтамасыз етілген. Оқушылардың да сана сезімдері жоғары. Сабақ түсіндіру барысында еш қиындық туғызбайды екен. Компьютерді толық меңгерген оқушылар ғаламтордың көмегімен қажетті мәліметтердің барлығын алады. Әсемнің басты арманы – сапалы білімді оқушылардың санасына сіңіру. Мемлекет тарапынан берілетін көтерме ақыға құжаттар дайындап жатыр. Қолынан келгенше адал қызмет етуге әзір. Жас маманның барлық арманы орындалып, ұлағатты ұстаз атанарына шүбә жоқ.
 
Құндызай БалғабайқызыҚұндызай БалғабайқызыАрқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекетік педогикалық институтының филология факултетін қазақ тілі мен әдебиет пәні мамандығы бойынша тәмамдаған Құндызай Жақсылықова Торғай жеріне келуді ұйғарған. Аудан орталығындағы  Н.Иванов атындағы орыс орта мектебіне жұмысқа орналасады. Жас мамандарға беріліп жатқан көтерме ақыны алуды әзірге жоспарламаған. Ақша үшін емес, білім сапасын арттыру үшін келген Құндызай Балғабайқызы үлгілі ұстаз атансам дейді. Әрине, қазірдің өзінде әріптестерінің арасында беделі жоғары. Үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарай білген жас оқытушының бағындырар белесі әлі алда. Ауылды жерлерге келіп, әлеуметтік-экономикалық ахуалының түзелуіне аз да болса үлес қосып, гүлдендіріп, көркейтуге жас мамандардың көптеп келгені абзал. Бұл – Құндызайдың замандастарына айтар кеңесі.
 
                                                        Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ,
                                                             Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓