Жәрмеңке – жастарға жәрдем

 Облыс  әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, Жастар ресурстық орталығының тапсырысы аясында, ынталы жастарға кәсіп үйрену мүмкіндіктерін ұсыну және шағын кәсіпкерлікті насихаттау мақсатында облыс көлемінде "Сенің ісің" жәрмеңкесі өтті. Оған шағын және орта бизнес субъектілерінен, бастамашыл топтардан, сарапшылардан құралған, ұзын саны, 200-ге жуық адам қатысты.DSC_0812
        Бизнес жәрмеңкесі өз ісін жаңа бастағандар, соның ішінде жастар үшін тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.  Іс-шараға "Жас атамекен" жас кәсіпкерлер клубы,  "Best.kz" экскурсиялар бюросының туристік агенттігі, "Sushi Hiro" сауда желісі қолдау көрсетті.DSC_0807
        Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған жәрмеңкеде қатысушылардың кәсіби біліктілігі, бизнес-идеяның бәсекелестікке қабілеттілігі, жүзеге асыру мүмкіндігі және аймаққа әкелер пайдасы сынға алынар басты критерийлер болды.
       Бизнес-жәрмеңкенің екінші кезеңі "Business Talks" пікірталас алаңында жалғасын тапты. Жас кәсіпкерлер өз кәсібін ұлғайтудың жолы туралы  спикерлерге сұрақтарын қойды.DSC_0824
       
DSC_0792
DSC_0794– Кәсіпкерліктің кенже қалуының бір себебі – жергілікті кәсіпкерлердің өз саласын жеткілікті білмеуі. Қаражат көзін тауып, бизнесін бастауға батылы жетсе де, өз ісінің майталманы болмайынша, жетістікке жету мүмкін емес. Ал мұндай шаралар көкірегі ояу, көзі ашық жастарды кәсіп ашуға қандай қадамдар жасау керектігін үйретіп, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландырады. Қазірден бастап болашақ кәсіпкерлерге  дұрыс бағыт сілтесек, одан тек ұтарымыз хақ. Тәжірибелі болмасаң да, қызметіңді бүге-шігесіне дейін білу керек. Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты да – осындай қарапайым кеңестермен өскелең буынға көмектесіп, жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға титтей болса да үлес қосу, – деді «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының президенті Зарина Көкжанова.
 
Әсел Қибаш 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓