Таудай талабы бар Дархан
Суретші болу үшін ең басты керегі еңбекқорлық пен ізденіс. Мен тума талантпын суртешілік қабілет қанымда бар деп жүре берсең оныңда бір күн тауысылатын шағы болады екен. Суртеші болам деген адам білімін үнемі жетілдіріп отырған абзал. Сондай – ақ, сұлулыққа, өмірге ғашық болмай суртетші боламын деп айту күпірлік.
Бүгінгі менің мақалама арқау болып отырған кейіпкерім сурет өнерінің жас майталманы. Он саусағынан өнер тамған Дархан Маратұлы мектеп қабырғасында жүргенде сурет өнеріне құштарлығы оянып, табиғаттың тылсым күшімен сырласқандай күйге енген.
Бар уақытын суретке арнаған Дархан оқу мен еңбектің арқасында мұғалімдердің көзіне іліге бастаған. Дарханның ерекше қасиетімен дарынын байқаған ұстаздар мектепаралық суретшілер байқауына қатыстыруға бел байлайды. Нәтижесінде ұстаздарының үмітін ақтап, байқаудың бас жүлдесін иеленген жас суретшінің әп – сәтте бағы жанып, мектеп мақтанышына айналады.
Кейін облыстық суретшілер байқауына қатысып, ылғи жеңіспен оралып жүрді. Бала кезде суретші болуды армандаған ол бүгінгі таңда биік мақсаттың белестерін бағындырып келеді. 2008 жылдан бастап арнайы тапсырыс бойынша мерейтойлар мен үйлену тойлардың безендіру жұмыстарын қолға алып, тапсырыс берушінің ойлағанынанда тамаша жасай білген.
Тіпті өз қиялынан туған туындыларында арасына кірістіріп, қазақы ою – өрнектермен көркем дейді екен. Дархан салған сұлу картинкаларды Торғайдағы екі үйдің бірінен көруге әбден болады. Ал өз үйіне кірсеңіз құдды бір сурет әлемі әміршісінің ордасына кіргендей сезімде боласыз.
Дархан Хайруллин аудан орталығындағы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде суретші болып қызмет жасайды. Әр мереке сайын сахнаны талапқа сай безендіріп отырады. Мәселен, мына фотоларға назар аударып қарасаңыздар Ұлы жеңістің 70 жылдығына және қазақ хандығының 550 жылдығына арнап салған туындылары шынайы бейнелініп салынған. Картон қағаздан құрастырған уаз автокөлігі, жылтыр қағаздармен көмкерілген төс белгілер, қазақтың қара домбырасы бәрі – бәрі Дарханның өз қиялынан туындаған туындылар. Таудай талабы бар Дарханның дарыны кімге болса да үлгі болары сөзсіз.
Биіктерден көріне бер!!! Жарайсың!!!