Жастар әлемі
Журналистік міндетімізді орындап қаншама аудан, ауылдарды аралаймыз. Жастар қосымшасы үшін жас мамандармен танысамыз. Танысып, газет бетіне жарқыратып шығара қоямыз. Ауылды дамытамын деп барған жастар бұған қуанышты болады деген сенімдеміз. Бұл жолы да жолымыз іргелес жатқан Қостанай ауданына түсті. Аудан орталығында "Алтын дән" мәдениет үйі бар. Мәдениет үйінде жаны өнерге жақын жандар еңбек етеді. Жастар жағы да аз емес. Қолдарына аспаптарын ұстаған өнерлі жастар бізді жақсы қарсы алды. Өздері жайында айтып, қашан газет бетінен шығатындарын сұрап мәз-мейрем болысып та қалды.
Жолымды өнерден таптым

– Балаларға ән салуды, сахнада өзін қалай ұстау керек екенін үйретемін. Жас маман бол-ғандықтан өзімді көрсетіп, жақсы жұмыс істеуге тырысып бағамын. Және біздерге жасалған жағдай да жақсы, – дейді Айгүл.
Қобызшы қыз

– Қобызды домбыра сиықты тез үйрене алмайсың. Ал менің жаныма қобыздың үні жақын. Шығармаларды орындағанды ұнатамын. Үйренгім келеді дейтін жасөспірімдерге үйретемін. Мәдениет үйінде жұмыс істеп жақаныма үш жыл болды. Жастар бірігіп, талай мерекелрді өткіздік. Және "Дипломмен – ауылға!" жобасының аясында пәтер де алдым. Мәдениет үйінің ішінен халық шығармашылығы орталығы ашылған еді. Орталықта қаншама жұмыстар атқарылады. Әрбірін қызықты өткізіп, көпшіліктің де көңілінен шығуға тырысып бағамыз, – дейді қобызшы қыз.
Әсем әуенді әуелетіп

– Аудан әкімі көңіл бөліп, мәдениет үйіне осындай тамаша тарту жасаған болатын. Содан бері ісіміз алға басып, тынысымыз кеңейді десе де болатындай. Әндерді жаздырып, құбылта түсеміз, – дейді Жәнібек.
Техниканың тілін меңгерген жас жігіттің еңбек етіп жатқанына екі жыл. Осы уақыт ішінде ауылды жерлерге жастар көптеп келіп жатқанын айтады. Әзірге баспана мәселесі қинап тұр. Десе де бұл қиындықтың шешімі шығып жатса жас маманның жолы болғаны.
Қостанай ауданы.