Экс-әкімнің үйқамақ мерзімі ұзарды
Қостанай қаласының №2 соты экс-әкімнің үйқамақ үкімін желтоқсан айына дейін созды. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, соттың фонографиялық сараптамаларының дайын болмауына байланысты уақыт шегеріліп отыр. Сондай-ақ, күдікті Ахметжановтың тергеуге біраз уақыт қажет ететін басқа да ұқсас қылмыстары табылған.-Күдіктінің үйқамақ мерзімі аяқталды, алайда, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатқандықтан, Ахметжановтың мәселесінің шешімін желтоқсан айының сегізіне қалдырды,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Кенже ҚОНЫСБАЙ