Қостанайда кавказ мәдениетінің фестивалі өтті

Қостанай алғашқы республикалық кавказдық мәдениет фестивалінің орталығына айналды. Көрермендер алдында Атырау, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облысының көптеген аудандарынан келген өнерлі ұжымдар ән айтып, би билеп, бай дәстүр жалғастығын көрсетті. Ресейдің Челябі қаласынан келген кавказ диаспорасының өкілдері фестивальдың құрметті қонағы болды.IMG_6426-1
Әзербайжандық «Бірлік» этномәдени бірлестігі фестивальді Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеу құрметіне ұйымдастырды. 
"Біз Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан ұлттардың бейбіт тыныс-тіршілігін көрсеткіміз келді",-дейді «Бірлік» бірлестігінің төрағасы Видади Юсубов.  Ұйымдастырушылар мұндай шараны жиі өткізуді жоспарлап отыр. 

Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓