Кеншілер еліне тарту

 

сайтка 1

Қазақстан полициясының 28 жылдығына орай қарағандылық тәртіп сақшыларына қызметтік көліктер тарту етілді. Бұл туралы «СарыарқаАвтоПром» автокөлік зауытының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қарағандылық полицейлерге онлайн режимде 186 жаңа көліктің кілтін тапсырды. Бұл автотехникалар дыбыс зорайтқыш құрылғылрмен және радиостанциялармен жабдықталған. Көліктер «БРК-лизинг» АҚ арқылы сатып алынды», – делінген хабарламада.   
Арнайы көліктердің басым бөлігі жол-патрульдік қызмет саласына бағытталады. Сондай-ақ олар алдыңғы қатардағы халықпен етене жұмыс істеп жүрген ішкі істер органдарының учаскелік инспекторларына беріліп отыр.
сайтка3
– Бүгін кілттері тапсырылған автокөліктер сіздердің жедел әрі қауіпсіз қызмет атқаруларыңызға септігін тигізбек, – деді өңір басшысы Ж.Қасымбек құттықтау сөзінде.
Салтанатты жиыннан кейін автокөліктер қызмет сапын атқаруға кетті.
сайтка2

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓