Полицейлер емтихан тапсырды
Бүгін облыстық Ішкі істер департаментінің Оқу орталығының қызметкерлері мемлекеттік тілден емтихан тапсырды.
Емтихан тапсырушы полицейлерге жыл басынан бастап қазақ тілі сабағы оқытылған болатын. Олар осы уақыт аралығында қазақ тілінде сөйлеу және іс қағаздарды жүргізуді үйренді. Бүгін алған білімдерін тексеру үшін емтихан тапсыруда. Мемлекеттік тілді меңгеріп, емтиханнан үздік баға алған полицейлерге алдағы күзде сертификаттар берілмек. – Біздер оқытып шығарған жас полицейлер тұрғындармен жұмыс істейді, халыққа қызмет етеді. Сондықтан олар мемлекеттік тілді бір кісідей білуі керек. Оқу орталығындағы қызметкерлерге іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және қазақ тілінде таза сөйлеуді үйретудеміз, – деді Қостанай облыстық ІІД Оқу орталығының басшысы полиция подполковнигі Талғат Меңдібай.
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай