ТІЛІ БІРДІҢ ТІЛЕГІ БІР

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында, партия жанындағы өнер мен мәдениетті дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінде мемлекеттік тілдің мәртебесі көтерілді. Айтулы шараға облысымыздың зиялы қауым, билік өкілдері мен тілшілер қатысты. Жиын барысында Қостанай облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы әңгіме арқауына айналды. Осы бағытта атқарылып жатқан істер жөнінде Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасы өкілінің есебі тыңдалды.тил
Басқарманың күшімен ұйымдастырылған «Таза тіл» акциясы жайында Ж.Наурызбаев есеп берді. Тіл маманының айтуына қарағанда, бірнеше айдың көлемінде облыс орталығындағы билборд, жарнамадағы және көше, сауда, мекеме атауларындағы қателіктер анықталған. Суретке түсірілген қателер жиын барысында көрсетіліп, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық өкілдерінен жауап алынды. Сондай-ақ, оларды түзетуге қатысты пікірлер айтылды.
«Мемлекеттік сатып алу заңына жүгінер болсақ, ұсынылып отырған тауар немесе қызмет дұрыс болмаса ұсынушы өз қаржысымен оны түзетуге міндетті. Кетіп жатқан грамматикалық және стилистикалық қателіктер де  заңсыздыққа жатқызылуы тиіс. Ендеше, мекен-жай тақташаларын жазып жатқандар қателіктерді толықтай жойғанынша дұрыстай берсін. Осыны келісім-шартқа енгізу қажет» – деді, Еркін Әбіл.
Нағашыбай Мұқатов, кезінде Таран мен Қайырбеков көшелерінің қиылысында орналастырылған ақын өлеңінің алынып тасталуына қынжылысын білдірді. Оның айтуына қарағанда, жер, су, көше атаулары өзгертіліп жатқанымен, оларды насихаттау жұмыстары мүлдем жүргізілмейді.  Салдарынан, көшелерге кімдердің есімдері берілгені және не үшін беріліп жатқаны қарапайым халыққа  түсініксіз қалуда. Осы жайында өз ойын ортаға салған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Үмбетов әлеуметтік жарнама негізінде мұндай кемшіліктерді жоюға боларын алға тартты.
Жиын соңында бұқаралық ақпарат құралдарының тілді дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары сөз етілді. Әсіресе, «Қостанай таңы»  газеті мен сайтында жасалып жатқан жұмыстар көпшіліктің көңілінен шықты.
 
Жұматай Кәкімжанов
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓