Пейілі дархан Науырзым “Қостанай таңының” Науырзым ауданындағы күндері

Жаңбыршы Тілеуғабылов – жанашырлар клубының төрағасы
Кездесуді алғы сөзбен ашқан газетіміздің директоры-бас редакторы Жанұзақ Аязбеков оқырмандарды қара шаңырақтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, оқырмандармен байланысы, болашақтағы жоспары туралы айтып, жұртшылыққа, аудан басшылығына алғысын білдіріп өтті. Газетіміздің жанашыры, белгілі ақын Серікбай Оспанұлы "Қостанай таңы" газетіне арнап сиясы да кеппеген тол-ғауын оқыды.
Науырзым елінде де халықтың көкейінде жүрген сауалдар аз емес екен. Мәселен, мемлекеттік инспектор Абайділдә Ысқақов:
– Газеттің қай бетін ашсаң да – Торғайдан шыққан батырлар, тұлғалар, сол өңірдің жылт еткен жаңалықтары. Ал Науырзым жайында көп оқи бермейміз. Бәлкім бізде тілшінің жоқтығынан ауданымыз көрінбей жатыр ма, әлде өзіміздің белсенділігіміздің төмендігі ме? – десе, осы сауал төңірегінде газет ұжымына Жамбыл бастауыш мектебінің директоры Жұмабике Мейрамованың қаратып айтқан мына уәжі ханға жеткізген датқа бергісіз болды:

Қостанай таңы – біздің газет
Жұмабике Мейрамова сонымен қатар, қаладағы қатеге толы жарнамаларға жауапты кінәлілерді газет арқылы әшкерелеп, оларды жазаға тартуға ықпал етуін сұрады. Жамбыл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрсила Оспанова "Жастар.kz" беті дарынды жастар туралы көп жазады, тағылымды дүниелерді оқып отырамыз. Тілшілердің аудандармен байланысы жақсы. Аудан көлеміндегі жастардың жемісті еңбектерін тілшілер келіп көзбен көріп жазса" деді. Ал аудандық мәслихат депутаты Зәуреш Алдажұманованың "Экономика тақырыбы көп жазылады. Идеологияға да көңіл бөліп, тағылымды мақалалар жарияланып тұрса" деуі де заңды.

Газеттің жас оқырмандары
Науырзым ауданында құрыл-ған газетіміздің "Жанашырлар клубына" Хасенғали Қамалов, Есімсейіт Тасқынбаев мүше болса, клуб төрағалығына "Алла Тағала "Қостанай таңын" мәнді қылсын, сәнді қылсын, басылымдардың алды қылсын!" деп батасын берген Жаңбыршы Тілеуғабылов сайланды. Барлығы да "Қостанай таңы" газетінің алғыс хаты және арнайы куәлігіне ие болды. Ал клуб жетекшісіне келер жылға редакция атынан үш адамға тегін газет жазылуға сертификат берілді. Аудандағы "Қостанай таңының" жас тілшісі" арнайы куәлігі Жұпаргүл Студентке табыс етілді.
– Газетті он жастан оқимын. Ауданымызда меншікті тілшінің жоқтығынан қаншама азаматтардың еңбегі, талантты жастардың өнері, білімі, ісі, үлгілі отбасылар, ұжымдар, тұлғалардың істері көрінбей жатыр. Тек өзім қызмет ететін мектептің өзінде облысқа, республикаға танымал дарынды оқушылар көп. Солардың шығармаларын, еңбектерін газетке жарияласаңыздар. Олардың отбасымен пікірлесіп, ата-аналарының ортасында сұхбат құрсаңыздар.
– Әлеуметтік жағдайымыз туралы, балалар тәрбиесі, тарих, тұлға, балалар өлеңдері жарияланса.
– Газет сынды аз жазады. Бұрын сын жазылса, одан нәтиже шығатын. Ал қазір оның нәтижесі болмай тұр. Жемқорлық үдеп барады. Онымен күрес жоқ, жай ұран. Газет жемқорлықты әшкерелеп, күресе ала ма? Осы жағына мән берсеңіздер. Екіншіден, "ауыл, ауыл" дейміз. Ол жалаң ұранға айналды. Айтуға, жазуға жақсы, бірақ нәтиже шамалы. Енді ауылдан халықты қалай көшірмеудің амалын қарастыру керек. Соған себепші болыңыздар. Үшіншіден, тоқсаныншы жылдары Науырзым, Қарасу, Сарыкөлді басып өтетін Ақтөбе-Астана газ құбыры тартылады деген қаулы болған еді, ол қазір айтылмайтын болды. Президентке, парламентке, министрлікке, өзіміздің облысқа хат та жаздым, алайда нәтиже жоқ. Сондай-ақ, байтақ даламыз игерілмей жатыр. Қазір оңтүстік өңірлерден жұмысшы жастарды тарту мәселесі көтеріліп жатыр. Ол үшін алдымен жағдай жасау керек қой. Осы жағын кейінгі буынға кеңірек насихаттаңыздар.
– Қазір елімізде ана тілімізді үйренуге, дәріптеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өзім орыс тілді мектепте қызмет ететіндіктен, біздің оқушылардың жазған шығармаларын, өлеңдерін газет бетінен көргіміз келеді. Балалардың тілін жаттықтыруға, дамытуға арналған айдар болса. Ал жалпы, барша азаматтарды газет оқуға шақырамын.
– Өзім ІІІ топтағы мүгедекпін. Мен сияқты жарымжандардың жұмысқа орналасып жатқанын "Қостанай таңы" бетінен жиі көремін. Жуырда "тұрақты жұмыс орнын таба алмай жүрмін" деп әріптестеріңіз Қарлығаш Оспановаға сұқбат беріп едім. Бір ауыз сөзімді жерге тастамаған "Қостанай таңына" алғысымды айтамын.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Жаңбыршы Тілеуғабылов – жанашырлар клубының төрағасы
"Қостанай таңы" – біздің газет
Газеттің жас оқырмандары