Асыға күткен сәт еді…
Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаев ел-жұрт асыға күткен ақжолтай хабарды жеткізді. Тұтас ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Иә, бұл тастай тәртіп әлемді жайлап, біздің елді де айналып өтпеген коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін енгізілген еді. Қанша жағымсыз жағдайларға душар еткенімен, халық болып барынша заң-тәртіпке бағынып, талаптарды орындағанның арқасында қатерлі дерттің жаппай таралмауына төтеп бере алдық деп ойлаймын. Дей тұрғанмен, мемлекет басшысының өзі айтып отырғандай, әлі де арқаны кеңге салуға болмайды. Өйткені кеселден толығымен арылып кете алған жоқпыз. Белгілі межедегі шектеулердің осы себептен әлі де сақталатыны түсінікті. Карантиндік тыйымдар әр өңірдің жағдайының жақсаруына қарай алынатынын ескерсек, біз әлде де сақтық шараларын мықтап ұстана тұрғанымыз жөн. "Тәртіпке бағынған құл болмайды" деген қағидаға мойынсұнайық дегім келеді.
Дос Құбаш,
І.Омаров атындағы облыстық
Қазақ драма театрының режиссері